Бас тақырыпРуханият

«БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ»

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге   асыру   аясында   2018   жылдың  тамыз  айының   5   күні  Қарағанды  облысы  Жаңаарқа ауданы, Ш.Ералиев   ауылында    Малқараұлы  Сеңгірбай-бек   батырға  арнап    бабалар  рухын    еске  алу  құрметіне  орай  ас берілді.

      Аталған іс-шараның мақсаты  – батыр бабаның рухын ұлықтау, ұлттық спорт түрлерін бұқара арасында кеңінен насихаттау, ел арасында   салауатты  өмір салтын қалыптастыру, жастарды  достыққа, патриоттық  сезімге, ұлттық  кодымызды сақтауға, мәдениеттілікке   тәрбиелеу  болып табылады.

      Шараның  салтанатты   ашылуын  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас  имамы Өмірзақ   қажы   Бекқожа ашып, әруақтарға  арнап  құран  бағыштады. Сондай-ақ, батыр баба ұрпақтары  атынан  ауыл  мешітіне  жылу  қазандығы  сыйға  тартылды.

      Батыр  баба  тарихы туралы   зерттеу  жүргізіп, ұлт тарихына өлшеусіз  үлес  қосып   жүрген   бабаның  ұрпағы  Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері  Рымкүл Бимендина апамыз ғылыми баяндама жасады.  Одан   кейін сөз алған Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы Имантусупов Куат Анасович, Сарысу аудандық мәслихатының  хатшысы Бегеев Сағынбек Арыстанұлы, Қарағанды  облыстық  мәслихатының  депутаты  Ғазым Жарылғапов, Сарысу ауданының құрметті азаматы, зейнеткер баба ұрпағы Иманбеков Бердібек ағамыз, Тама жөгі әулетінің үлкені, ардагер ұлағатты ұстаз Есболов Шәді  әкеміз, Ералиев ауылының ақсақалы Қожамұратов   Берген  қажы  батыр  баба  туралы  баяндама  жасады. Арнайы асқа  келген қонақтарда   ақжарқын тілектерін  білдірді.

         Іс-шара  арнайы  дайындалған   бағдарламаға  сәйкес  жүргізілді. Бірінші  бөлімінен соң  баба  рухына арнап, тойтөбеде тігілген  киіз үйлерде  ас берілді. Астың алдында  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас  имамы Өмірзақ   қажы   Бекқожа әруақтарға  арнап  құран  бағыштаса,  Ералиев ауылының имамы Бейбітов   Ерсін  бауырымыз   астың  соңында  әруақтарға  арнап  құран  оқыды.  Жалпы асқа үш мыңға жақын адам қатысты.    

         С.Қожамқұлов  театрының  актерлері сомдаған  Малқараның батырдың  монологы, Абылай хан мен Малқара батырдың диалогы, Абылайдың Қасым төре мен Сеңгірбай-бек   баһадүрге  берген  батасы  көрермен қауымның  құрметіне бөленсе,       Қазақ  халқының  белгілі   ақыны  Төлеген  Жаманов  баба рухын  ұлықтап  арнау айттып халықтың алғысына бөленді. Ақын Ерқанат бауырымызда  батыр бабаға  арналған  өз өлеңдерін оқыды. 

         Төл   күресімізді   насихаттау   мақсатында   өткен  қазақ күресінен  «Түйе балуандар» сайысына 23 балуан қатысты. Ақтүбектік   балуан   Сағындықов Арыстан Бас жүлде мотоциклді ұтты.

 60 кг салмақ   дәрежесі бойынша  жалпы 16 балуан қатысты.

  1. І-орынды Ералиев ауылының балуаны Ысқақов Дінасыл иеленді. Жүлдесі:100 000 тенге;
  2. ІІ-орынды Түгіскендік Тұтқышев Нариман иеленді.

        Жүлдесі:60 000 тенге;

  1. ІІІ–орынды Қарағандылық Қуанбай  Еламан иеленді.

        Жүлдесі:30 000 тенге.

70кг салмақ   дәрежесі бойынша  жалпы 27  балуан қатысты.

  1. І-орынды Қарағандылық Шаратов  Абылай иеленді.

Жүлдесі:100 000 тенге;

  1. ІІ-орынды Жаңаарқалық Төлеубаев Нұрбек  иеленді.

Жүлдесі:60 000 тенге;

  1. ІІІ-орында Қарағандылық Мауленин Әбілқайыр иеленді.

       Жүлдесі:30 000 тенге.

       Қазақ   күрсенің  барлық  жүлделі   жеңімпаздары, қазылық жасаған төрешілеріне  алғыс хаттар, сертификаттар  табысталды.

      Ат спорты жарысына жалпы 31 сәйгүлік қатысты.

  1. Аламан бәйге қорытындысы бойынша Түгіскендік Омаров Өмірбайдың «Самал» атты  сәйгүлігі бірінші орынды иеленді. Жүлдесі: 1 500 000 тенге;
  2. Балқаштық Абикенов Жандостың «Алтын тұлпар» атты сәйгүлігі екінші орынды иеленді. Жүлдесі Мотоцикл;
  3. Жарық,Шет ауданы Тілеуқұл Темірланның «Байторы» атты сәйгүлігі үшінші орынды иеленді. Жүлдесі 200 000 тенге;
  4. Түгіскендік Бекетов Ғалымжанның «Алтын тұлпар» атты сәйгүлігі төртінші орын иеленді. Жүлдесі:100 000 тенге;
  5. Алихандық Кенжеғұлов Жолдыбайдың «Бақторы» атты сәйгүлігі бесінші орынды иеленді. Жүлдесі: 50 000 тенге.

         Ат спортын ұйымдастырушы ауыл азаматтары арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

        «Рухани жаңғыру»   бағдарламасы   аясында   ұйымдастырылған      Батыр баба   ұрпақтарының  атынан  Малқараұлы  Сеңгірбай-бек   батырға  арнап    «БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ»

атты   тарихи-танымдық  іс-шарамыздың   өткізілуіне  қолдау  көрсеткен,  Жаңаарқа   аудандық  әкімшілігіне   және  Ералиев ауылдық әкімшілігіне  Алғыс   хаттар  табысталды. Ынтымағымен бірлігі  жарасқан  аудан  халқына  алғысымыз шексіз.

 

«Қарағанды  гуманитарлық  колледжі» КМҚК

директорының  ғылыми  жұмысы  жөніндегі

орынбасары  Дархан  ИСАТАЕВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button