Бабаға ұлық құрмет

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы өз өлкемізді тануға мүмкіндік беріп, «Туған жер» бағдарламасы рухани-мәдени өмірімізге жаңа серпін сыйлады. Ата-баба дәстүрін сабақтас­тырып, өркениет әлеміне нық бетбұрыс жасауға зор ықпал етуде.

Жуырда М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына орай, «Сарыарқаның ұлы биі – Қаздауысты Қазыбек би» атты портреттік кеш өтті.

Мақсаты – оқырмандарды Қаздауысты Қазыбек би жайлы тарихи деректермен таныстырып, патриоттық рух беріп, шешендік өнерін насихаттау.

Тарихи ірі тұлға, елші, саясаткер, дүйім жұртты аузына қаратқан от ауызды, орақ тілді шешен – Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы – қазақтың даласын, Сарыарқаның төсін дүбірге бөлейтін той.

Іс-шара Қарағанды қаласына көрік беріп тұрған Баба есткерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Портреттік кешті жүргізуші – өлкетану бөлімінің меңгерушісі Гүлайым Жылтыбаева.

Мәдени шараның қадірлі қонақтары қатарында – жерлесіміз, Петропавл қаласынан арнайы келген М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Зарқын Тайшыбай, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, жазушы Сүйіндік Жанысбай, ақын-публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сәбит Бексейіт, «Қазыбек би» мерекелік журналының редакторы, жас жазушы Алмас Мырзахмет және жас ақын Сұлтан Мұстафин бар.

Салтанатты шараны Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлнар Қарағонысова алғысөзімен ашып берді.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.