Жаңалықтар

Бақыт мекені

Өзіңе қай жер жетеді,

Өзіңнен қай жер өтеді?

Арайлы таңмен

нұрланған,

Ақадыр бақыт мекені!» – деп, жерлес ақынымыз А.Жексенбайдың сөзіне жазылған композитор, саз саңлағы С.Бәйтерековтің «Ақадыр вальсі» әнінде шырқалғандай, Ақадыр – бақыт мекені.

Айт ақын «Толассыз теміржолдың бойымен, өмірдің ағып жатыр ұлы өзені» деп жырға қосқаны және бар.

Ақадыр – тоғыз жолдың торабы. Ақадыр кентінде Елбасы Н.Назарбаевтың сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына байланысты «Туған жер», «Жасыл ел» бағдарламалары бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Теміржолшылар саябағында, мектептердің, балабақшалардың, дүкендердің, мәдениет үйінің, көшедегі тротуарлардың бойына жайқалып өскен гүлдер көздің жауын алады. Көшелер асфальтталып, тротуарлар жөнделген. Күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйінің іші-сырты алыстан ерекше көз тартады.

Тұрмысқа қажетті заттарыңызды іздесеңіз, қалаға шапқылап әуре болмайсыз.

Көшедегі қоғамдық көліктердің де қозғалысы жүйелі реттелген.

Боранкүл БӘКІРОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button