Әдебиет

Бақыт деген…

Өмірдің нұр келбеті тұр өңімде,

Түйгенім түйсігіммен жүрегімде.

Бақыт деген түсінген жандар үшін,

Адам болып келгенің бұл өмірге.

Бақытың атқан әрбір таңыңыз да,

Бақыт ол шүкір ету барыңызға.

Бақыт ол аялаған ата-анаңның,

Аман-есен жүргені жаныңызда.

Ақын боп жүрмесек те сөзі жаһұт,

Өлең мұра біздерге қазына құт.

Бейбіт күнде алаңсыз бақыт жайлы,

Жыр жазып отырғанның өзі бақыт!

Бақытты сезінген соң жүрегіммен,

Алаңсыз бақытты өмір сүремін мен.

Дүние жүзіндегі барша жанға,

Екі дүниенің бақытын тіледім мен!

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

№15 мектептің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button