Бағдарламашылар бақ сынады

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласының білім бөлімі ІТ технологияларды насихаттау мақсатында түрлі шаралар өткізуде. Солардың бірі – «Iteens – 2019» қалалық хакатон және бағдарламалау бойынша олимпиада.

Аталған шара «Шаг» компьютерлік академиясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. IT технологияларды дәріптеу мен оқушылардың бағдарламалауға деген қызығушылығын арттырған шараға қаладағы 25 білім беру ұйымынан 140-тан аса оқушы қатысты. Оқушылар «Жасыл технологиялар» тақырыбы бойынша хакатонда ойындар құрастырып, web-дизайн, 3D модельдеу, графикада ұшқырлық танытты. Әр бағыттың үздік жұмыстары Қарағанды қаласы білім бөлімінің дипломымен және «Шаг» компьютерлік академиясының арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздар мамырда өтетін облыстық кезеңге қатысады.

Аяулым СОВЕТ