Бағбан баланың әрекеті

Жеті-сегіздер шамасындағы ұл бала дүкенге кіріп келді де қабырғада ілулі тұрған телефонға қанша талпынса да қолын жеткізе алмады. Дүкенші балаға көмектесіп аяғының астына аласа орындық қойып берді. Бала «Рақмет!» деп айтты да орындыққа шығып, телефонның ұсақ тиын салатын тесігіне тиісті тиындарды салып, қажетті нөмірін терді.

Дүкенде тауар алушылардан ешкім жоқ болғандықтан баланың әңгімесі  анық естіліп тұрды. Бала: «Алло! Апай, мен аулаңызды, бақшаңызды тазалап беріп тұрайыншы. Маған жұмыс қажет болып тұр»,- дегенде аржағынан шыққан әйел дауысы: «Біздің бақшаны әдемілеп тазалап тұратын адам бар» деді.

Ал бала болса: «Апай, мен сонша көп ақы сұрамаймын, сіздің бақшаңызды тазалайтын адамның алатынының жартысын берсеңіз болды» дегенде арғы  әйел өзіне жұмыс істеп жүрген адамның қызметіне көңілі толатынын, жаңадан кісі алмайтынын жеткізді. Бала сонда да жалынып: «Апай, мен сіздің аулаңызды ең әсем бақшаға айналдырамын,  сонымен қатар жаяу жүретін жолдарыңызды да тазалап тұрамын»,- деп айтса да бас тартқан жауап алғаны естілді. Ең қызығы өтініші қабылданбай телефонды қойып жатса да,  кішкентай ұлдың жүзінде күлкі үйіріліп тұрды.

Баланың әңгімесін тыңдап тұрған дүкенші оған жаны ашып: «Балам, менде саған лайық жұмыс бар»,- дегенде балақай күлімсіреп: «Қажеті жоқ аға!, мен баяғыда жұмыс тауып алып қойғанмын. Бірақ өзімнің қаншалықты жұмыс істеп жатқанымды тексергім келген болатын. Мені ең жақсы деп мақтағандықтан, жаңағы апайдың жұмысын адал атқаратын боламын» дегенде дүкеншінің де езуіне күлкі үйіріліпті.

А.Т

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.