Бас тақырыпРесми

Баға нарығында бағам қандай?

Азық-түлік тауарларына баға бір айда 1,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,3%- ға, ақылы қызметтер 0,3%-ға қымбаттады. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарайды.

 

Азық-түлік тауарларына баға индексін қалыптастыруға жұмыртқаның, макарон өнімдерінің, жармалардың, жылқы еті, ұн , күріш, балық және теңіз өнімдерінің, нан, шай, май бағаларының өсуі әсер етті. Қант – 10,1%-ға төмендеді. Көкөніс өнімдерінен қияр – 16,5%-ға, қызанақ – 15,4%-ға, сарымсақ– 10,4%- ға, тәтті бұрыш – 4,7%-ға, қызылша – 3,1%-ға, сәбіз – 1,8 %-ға қымбаттады, орамжапырақ – 7,6%-ға, басты пияз – 5,7%-ға, картоп – 3%-ға бағасының төмендегені тіркелді.

Азық-түлік емес тауарларда бағаның өсуі аяқ-киім – 0,9 %-ға, киім, жеке көлік құралдарының қосалқы бөлшектері мен керек-жарақтары – 0,4%- ға, жанар-жағармай құралдары – 0,2%-ға өскені байқалды.

Ақылы қызметтер саласында медицина қызметтеріне – 7,9%-ға, әуе жолаушылар көлігі қызметтері – 4,5 %-ға, монша мен сауна қызметтері – 1,5%-ға қымбаттаған. Автокөлік және теміржол жолаушылар көлігі қызметтері сәйкесінше 0,6 %-ға және 0,4%-ға арзандады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button