Саран

Бәсекеге қабілеттілік шарты

Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу әр қазақстандық азаматтың бойындағы басты мақсаттардың бірі болуы керек. Тәуелсіздігі нығайған, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияны меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық һәм концептуалды жобаларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Елбасы айтқан «бәсекеге қабілеттіліктің» бір шарты.
Осы орайда, Саран қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында бәсекеге қабілетті, сауатты шәкірт тақырыбындағы қалалық семинар өтті. Семинарды өткізудің басты мақсаты – Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату. Аталмыш семинарға қалалық білім бөлімі басшысының м.а Қ.Абзалиева, білім бөлімінің әдіскерлері, №№4,7,16 мектеп ұстаздары, Абай атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің мұғалімдері мен студенттері қатысты. Іс-шара «Оқу үдерісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу» және «Ұлы дала елімнің даңқы, тарихы мен дәстүрлері» тақырыптарындағы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде математика, биология, физика, химия пәндері бойынша ықшам сабақтар өткізілсе, іс-шараның екінші бөлімінде бейнелеу өнері, өлкетану, тарих, музыка пәндері бойынша сабақтар өткізілді.
Жалпы, семинар бойы №4 мектептің мұғалімдері химия, биология, математика, физика, тарих, музыка, бейнелеу өнері, өлкетану пәндеріндегі оқу үдерісінде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдермен және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шапағат КӨШЕҒҰЛОВ,
«Саран» газетінің тілшісі.
Суретті түсірген
Камила ОСПАНОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button