Басты тақырыпСпорт

Бәсеке тізгіні – «Сарыарқада»

    Жоғарғы хоккей лигасындағы бәсекеде қарағандылық «Сарыарқа» көш бастап тұр. Сенбі күні Саратовта жергілікті «Кристалмен» кездескен жерлестеріміз 0:5 есебімен басым түсті.

Бұл күні қақпашы Денис Перетягиннің қақпасын бағындыру ресейліктердің қолынан келмеді. Алдымен 11-ші минутта Желнеревский есеп ашты. 0:1. 28-ші минутта Сагадеев есепті еселеді. 0:2. Ал, 33-ші минутта Ердаков, 39-шы минутта Махановский, 69-шы минутта Сиксна таблодағы көрсеткішті 0:5-ке жеткізді.

Сөйтіп, әзірге, «Сарыарқа» лигадағы 26 команданың арасында көшбасшылықтың тізгінін уыстан шығармай келеді. 20 матчтың 14-інде жеңіске жетіп, 6 кездесуде есе жіберді. Қоржында – 43 ұпай. Бізден кейінгі Тверьдің «ТХК» клубының еншісінде – 42 ұпай. Ал, үздік үштікті түйіндеген Красноярдың «Соколы» 39 ұпайды місе тұтуда.

Келесі матч Қарағандыда өтеді. 10 қараша күні Епанчинцевтің шәкірттері Альметьевскінің «Нефтянигімен» кездеседі.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button