Басты тақырыпСпорт

Бәсеке барысы баяндалды

     Қарағандылық қабылан Геннадий ГОЛОВКИННІҢ жаттықтырушысы Абель САНЧЕС Генамен жұдырықтасатын мексикалық Сауль «Канело» АЛЬВАРЕС арасындағы қарымта жекпе-жектің шарттарын мәлім етті.

Алдымен жұрт күткен ұлы жекпе-жектің қалай аяқталатынын көрейік. Егер ол қарымта кездесу өткізуге дайын болса, 168 фунтқа өткенге дейін күте алады. Жанкүйерлер қалап, реванш көргісі келсе, неге олай істемеске. Жұдырықтасу 11-12 раундқа созылса, қарымта кездесу өткізуге кедергі көріп тұрғаным жоқ. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы атанған былғары қолғап шеберінің алдағы уақытта кездесетін қарсыластарының кім болғанына қарамастан көптеп тамашалайтындығы анық, – дейді Абель Санчес.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйекке белгіленген. Ол Лас-Вегастағы «T-Mobile» аренасында өтеді. Кездесудің келісімшарты бойынша, жеңіліп қалған жағдайда мексикалық боксшы ғана қолдана алатын қарымта кездесу мүмкіндігі бар.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button