Қарағанды

Бүлдіршіндерді бақытқа бөледі

       Жаңа жыл қарсаңында ҚарМТУ іргесінде құрылған «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымының еріктілері мүмкіншілігі шектеулі балаларға қамқорлық танытты.

      27 желтоқсанда жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі «Аяз атаға хат» акциясы аяқталды. Сөйтіп, балақайлар ғажайып әлеміне саяхат жасап, қызық пен қуанышқа кенелді.

     Акцияның басты мақсаты – қала көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап сый-сияпаттар жинау және табыстау. Аталған шара үш кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде еріктілер білім бөлімінен балалардың тізімін алып, балалар үйіне ат шалдырды. Бүлдіршіндермен әңгімелесіп, Аяз атаға хат жазуға көмектесті. Екінші кезеңде еріктілер студенттермен және қала тұрғындарымен бірлесе отырып, балалар қалаған сыйлықтарды алуға кірісті. Сөйтіп, сыйлықтар түгенделген соң, қорытынды үшінші кезеңде қайырымдылық ұйымының жастары екі күн көлемінде әр балаға өзі қалаған сыйлықтарды жеткізумен болды. Еріктілер бірі Аяз ата, енді бірі Ақшақар киімін киіп, бүлдіршіндерді қуантты.

Данияр ТҮСІПБЕКОВ,

«Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы

төрағасының орынбасары,

ҚарМТУ-дың студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button