Жаңалықтар

Бүгінгі өзгеріс – ертеңгі жетістік

    Мектеп тәжірибесіне енгізілген өзгерістің тұрақты жүзеге асуын қамтамасыз етуге белсенді атсалысатын қоғамдастық құру – бүгінгі күннің талабы. Бұл бағытта Қарағандыдағы №4 орта мектепте «Ізденіс» атты мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы құрылды.

Жақында мектепте аталмыш қоғам­дастықтың ұйымдастыруымен деңгейлік курс бітірген ұстаздардың іс-тәжірибесін тарату және өзге мектептермен кәсіби шығармашылық орнату мақсатында семинар өтті. Іс-шараға  қаладағы №№41, 6, 57, 18 мектептер мен №39 гимназия ұстаздары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Ы.Алтынсарин оқу-білімнің, тек, ізденіспен, еңбекпен табылатынын айтқан. Жаңа тұрпаттағы мұғалім – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, жаңашылдыққа жаны құмар болған жан болуы тиіс.

Жоспардағы жобаларды іске асырудағы маңызды тәсілдердің бірі – коучинг десек, артық емес. Өйткені, коучинг барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу үдерісі тиімді атқарылады.

Жоғары санатты мұғалім Алуа Сағиева «Критериалды бағалауды жүзеге асыру» атты коучинг сессиясын сәтімен өткізді деп айтуға болады. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назгүл Шүкірхан «Өсімдік және музыка» тақырыбындағы тәжірибелік сабағында білім беру саласындағы заманауи өзгерістің артықшылығын көрсетті. Өз тәжірибелерімен «Балдық бағалау жүйесі» тақырыбында география пәні мұғалімі Дариға Әлжанова мен тарих пәні мұғалімі Асқар Еркебаев бөлісті.

Қала мектептерінің мұғалімдері белсенді қатысып отырды. Олар әдістемелік қоржындарын түрлі әдістермен толықтырғанын айтып, ризашылығын білдірді.

А.ХУРМАНХАН,

№4 орта мектептің «Ізденіс» қоғамдастығының үйлестірушісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button