Бүгін Мемлекет басшысы телеарна арқылы мәлімдеме жасайды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы мәлімдеме жасайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Фейсбук» парақшасында хабарлады.

«Бүгін сағат 21:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасайды», — деп жазды Берік Уәли.