Жаңалықтар

Бүгін «ЕРТІСПЕН» ойнайды

«Шахтердің» ХХІІІ турдағы матчы 31 қазанға сырғытылды. «Астана» Қарағандыға келуі керек-ті. Бірақ, елордалық клубтың Чемпиондар лигасындағы, Еуропа лигасындағы ойындар кестесі тығыз. Сондай-ақ, «Қайрат» пен «Қызыл-Жар СК» матчы да сол күнге белгіленді.

Мұның алдында (12 тамыз) «Шахтер» «Ордабасыны» қабылдады. Қос қарсылас тең есепке қанағат қылды. 0:0.

Бүгін «Шахтер» Керекуге барды. Жергілікті «Ертіспен» күш сынасады.

Бұған дейін командалар 65 мәрте кездескен екен. Көпшілігінде «Ертіс» жеңіске жетіпті. 36 рет. Ал, қарағандылықтар 13 рет жеңіс тойын тойлаған. 16 ойын тең нәтижемен тәмамдалған.

Доп айырмашылығында да керекуліктер үстем – 54-95. Дегенмен, қазір «Ертісте» бұрынғы қауқар жоқ. Турнир табанында тұр.

Бүгінде «Шахтер» турнир кестесінің 11-ші сатысында. Қоржында – 20 ұпай. Еншісінде 19 ұпайы бар «Ертіс» бізден кейінгі орынды меншіктеуде.

«Астана» бұрынғыша көш басында. 54 ұпай. «Қайрат» та мысықтабандап жақындап келеді. 51 ұпай. Қостанайлық «Тобыл» «Ордабасыны» басып озып, 38 ұпаймен үздік үштікті түйіндеуде. «Ордабасыда» – 30 ұпай.

Нұрқанат ҚАНАФИН,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button