Жаңалықтар

Бөбекжай ашылды

Ауданымызға қарасты Түгіскен ауылдық округінің тұрғындары көптен күткен қуанышқа қол жеткізді. «Балапан» бағдарламасы аясында шалғайдағы елді мекенде 50 балаға шақталған «Еркетай» бөбекжайы ашылды.

Бала тәрбиелейтін орынның салтанатты ашылуына аудан әкімі Юржан Бекқожин арнайы қатысты. Мерейлі сәтте сөз алған аудан басшысы тәрбие ошағының табалдырығын аттаған өскелең өрендерге  жарқын болашақ тілеп, ауыл тұрғындарын ортақ қуанышпен құттықтады.

Қазіргі заманға сай қалыпқа келтірілген мекемеде балғындар үшін мектепке дейінгі сапалы біліммен тағылымды тәрбие алуға мүмкіндік мол. Бұрын бастауыш сынып мектебі болған ескі нысанды қалыпқа келтіруге ауданның қазынасынан 10 миллионнан астам қаржы бөлінді. Ал ғимаратты жабдықтауға 7 миллион теңге жұмсалған. Балабақшаға ыстық және суық су да тартылған. Балдырғандардың жатын бөлмесі де жылы. Заманауи асхана мен отыратын орындықтары ыңғайлы. Мекеме қажетті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда балалардың игілігі үшін әзірге екі топ жұмыс істейді. Есігін елге айқара ашқан бөбекжайдың арқасында жергілікті 20 адам еңбекке тартылды.

Индира АСАМИДАНОВА,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button