Жаңалықтар

Бұқаралық спортқа бетбұрыс

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, Қарқаралы қаласы және Қарағайлы кентінде спорттық сауықтыру алаңдары ашылды. Елбасы Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында халықты салауатты өмір салтына ынталандыру басым бағыттардың бірі екендігіне баса назар аударып келеді. Бүгінгі таңда еңбектеген баладан ел ағаларына дейін қоғамдық спортқа мықтап ден қойған. Оған дәлел – Қарқаралы қаласында көше тренажерінің пайдалануға берілуі.

Ашық аспан астында орналасқан тренажер қала тұрғындары үшін қолжетімді. Алаң 12 спорттық құрылымдармен жабдықталған. Басым бөлігі адамның арқа, қол бұлшық еттерін ширатып және аяқ буындарын қалпына келтіруге арналған. Велосипедтер, шаңғышыларға арналған элипс тренажерлері, тепе-теңдікті сақтауға аналған бірнеше құрылғы орналасқан. Арнайы жасыл әрі жұмсақ жабын төселген. Аталмыш алаңды жабдықтау жұмысына 8 млн. 35 мың теңге қаражат жұмсалған.

Сондай-ақ, Қарағайлы кентінде де көпсалалы хоккей корты бұқара игілігіне берілді. Заманауи тұрғыда жабдықталған, алаңды жазда шағын футбол, қыста хоккей ойнайтын орынға айналдыруға болады. Кент жастарының қажеттілігін қамтамасыз ету әрі бос уақыттарында саламаттылықты насихаттауға арналған спорттық орынның құрылыс жұмысына аудандық бюджеттен 14 млн. теңге қаржы бөлінген.

Сағыныш Әбілова,

 «Орталық Қазақстан»

 Қарқаралы ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button