Облыс әкімі

БҰҚАРАДАН СҰРАНЫС БАР

Облыс орталығында мерзімді басылымдарды сататын дүңгіршектердің санын қайтіп қалпына келтіреміз? Бұқарадан сұраныс бар, тек, бір кездері мұндай дүңгіршектер шаһардың шырайын бұзады деген желеумен көшелерден алынып тасталған-ды.

Мәселе облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ төрағалығымен өткен жиында қаралды. Басқосуға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының және облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығы, газет-журналдарды сатумен айналысатын заңды тұлғалар қатысты.

Бұған дейін аймақ басшысы Ерлан Жақанұлы түйінді тарқату керегін ескертіп, қала басшысына тапсырма жүктеген. Сөйтіп, Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров тақырып турасында әзірленген жобаны таныстырды. Оның айтуынша, жыл соңына дейін Қарағандыда газет-журнал сататын 38 дүңгіршек ашылмақ. Заңға сәйкес, дүңгіршек орнату үшін жалға берілетін жердің құны анықталған. Ал, дүңгіршектердің әрқайсысы – 2,5 млн. теңге көлемінде.

Бірақ, қала басшысының ұсынған жобасы сынға ұшырады. «Бұлайша, біз ешбір кәсіпкердің газет-журнал дүңгіршегін ашуға деген қызығушылығын тудыра алмаймыз», – деді жиынға қатысушылар.

Облыс әкімі мәселені қайта пысықтау қажет деген түйін түйді.

Өз тілшімізден.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button