Қазыбек Нұржановтың рухына арналған республикалық турнир өтті

Жуырда Қарағандыдағы С.Сәпиев атындағы бокс орталығында Кеңес Одағының Батыры Қазбек НҰРЖАНОВТЫҢ рухына арналған ұлттық жекпе-жектен республикалық турнир өтті.

2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер және 1998-1999, 2000-2001 жылдары туған жастар арасында өрбіген жарысқа еліміздің 5 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан келген 300-ге жуық спортшы қатысып, бағын сынады. Тек, жүректі жігіттер жұдырықтасатын додада Әлем кубогы мен Азия чемпионатына іріктеу болды.

Айта кетейік, Волковыск қаласын босату кезінде ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры – Қазбек Нұржановтың ерлігін ұмытпай қастерлеп, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған жарыстың бас демеушілері Ақтоғай ауданының әкімдігі, Қазбек Нұржанов атындағы мектеп және Батырдың туыстары.

Республикалық жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Батырдың туыстары жекпе-жек ұлттық спортының вице президенті Нұржан Шайхинге және спортшыларға үлкен алғысын білдірді. Кеңес одағына еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ережесіз жекпе-жектен тоғыз дүркін әлем чемпионы, дүниежүзілік жекпе- жек қауымдастығының президенті Сабыржан Махметов жарыстың мақсаты жігерлі де, на мысшыл, қайсар ұрпақты тәрбиелеп шығару екендігін баса айтты.

Батыр рухына арналған ұлттық жекпе- жек турнирі екі күнге созылды. Сайдың тасындай іріктелген білекті де жүректі жігіттер өз салмақ дәрежелерінде күш сынасып, өзара мықтыларын анықтады. Жарыс барысында спортшылардың көбі грек-рим күресі, бокс, кикбоксинг, грепплинг, панкратион сияқты күрестің түр-түрімен айналысқандығын байқадық. Жастар арасында 60 келі салмақтан ақтық сында алматылық спортшылардың жекпе-жегі көпшіліктің көңілінен шықты. Азия чемпионы Айбол Ахметовтен айласын асырған 18 жастағы Айдар Қанжығалы Қазақстан Республиксының бесінші мәрте чемпионы атанды.

– Бүгінгі жарыс мені тағы да бір мәрте шыңдады. Жарыста екі спортшымен кезде- стім. Алғашқы қарсыласымды жақсы білдім. Ол көбіне аяққа өтіп, партерде көп жұмыс жасайды. Сол себепті арнайы тактика құрып көбіне қолмен соққылар жасап соның арқа- сында жеңіске жеттім. Ал, Айболмен бұған дейін жолыққан едім. Мықты қарсылас. Бұл жолы күрес әдісін жиі қолдандым. Қарсыласымды нокдаунға жіберіп, артынша ауырту әдісімен жеңдім. Бес жылдық тәжірбием, төккен тірім өз жемісін берді дейді, – Айдар Қанжығалы.

Турнир қорытындысы бойынша жалпы- командалық есепте Алматы облысының спортшылары I орынды еншілесе, II орынға Ақтөбе құрамасының жігіттері, ал астаналық команда III орынға жайғасты.

2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында 42 келі салмақта Мұхамед Меңдігерей (Маңғыстау облысы), 45 келі салмақта Бекжан Әбілқасым (Ақмола облысы), 48 келі салмақта Нұрсұлтан Нұрғалиев (Алматы об- лысы), 51 келі салмақта Нияз Тілеужан (Алматы облысы), 55 келі салмақта Адлан Умаров (Қарағанды облысы), 59 келі салмақта Диас Оразмахан (Қызылорда), 63 келі салмақта Сұлтан Еркінбекұлы (Ақтөбе облысы), 67 келі салмақта Саид Буцугулов (Қарағанды облысы), + 67 келі салмақта Ермек Дүйсенов (Ақтөбе облысы) чемпион атанды.

Ал, 2000- 2001 жылы туған жастар арасында 48 келі салмақта Дидар Балтабаев (Астана қаласы), 51 келі салмақта Азат Айдархан (Алматы облысы), 55 келі салмақта Айбек Рсалиев (ОҚО), 59 келі салмақта Диас Омаров (Пав- лодар облысы), 63 келі салмақта Жәнібек Тыныштықбек (Ақтөбе), 66 келі салмақта Эльжан Гасанов (Астана қаласы), 70 келі салмақта Жанбота Жұрқабай (Астана қаласы), 75 келі салмақта Николай Хамицевич (ШҚО), +75 келі салмақта Әділет Шаймер- ден (Павлодар облысы) I орынды еншіледі. 1998-1999 жылдары туған жастар арасында 50 келі салмақ дәрежесінде Рүстем Ілиясов (СҚО), 55 келі салмақта Алишер Газиз (Алматы облысы), 60 келі салмақта Айдар Қан- жығалы (Алматы облысы), 65 келі салмақта Бақтияр Мұхамедияров (Қызылорда облысы), 70 келі салмақта Амандық Абилдиев (Ақтөбе облысы), 75 келі салмақта Максим Миленин (ШҚО), 80 келі салмақта Темирлан Құдайбергенов (Астана қаласы), 85 келі салмақта Бесолт Итаев (Қарағанды облы сы), +85 келі салмақта Алтынбек Қуанышев (ШҚО) жеңімпаз болды. Дүбірлі доданың басты жекпе-жегінде қарағандылық Құдайбер- ген Төлеубаев пен Ерасыл Уәлиев жеңімпаз атанды.

Нұрдос Кәрім

«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.