Азық-түлік белдеуі: Ел тұрғындарына ерекше дәм

Адам баласы күніге киім-кешек, үй-жай, көлік-қосын ала бермеуі бар, бірақ дастарқандағы молшылықты қайтсе де қаперінен шығармайды. Мәселен, статистика мәліметіне сенсек, ел астанасының тұрғындары жылына 862 мың тонна азық-түлік тұтынатын көрінеді. Ендеше, Елордаға іргелес орналасқан қарағандылық ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші кәсіпкерлердің маңдай бағы жанып тұр деген сөз. Себебі, облыс шаруалары 2018-2021 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі «Жол картасын» жүйелі жүзеге асырып қана қоймай, бас шаһардың тұрғындарын қолда бар азық-түлікпен қамтуда.

Осы күні Елордаға іргелес 300 шақырым аумақты қамтитын аталған белдеуге облыстың Абай, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров сынды 4 ауданы мен Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск секілді 4 қаласы кіріп отыр. Өнімді Елордаға 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары және қайта өңдеу кәсіпорындары, сонымен қатар, жеке қосалқы шаруашылықтар жеткізуде. Өткен жылы ел астанасына бас-аяғы 94 мың тоннадан астам өнім жеткізілді. Жеткізілетін өнім Нұр-Сұлтан қаласында облыстың ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының дистрибьюторлық орталықтары арқылы сатылуда (“Нәтиже сүт” ЖШС – сүт өнімдері, “Евразиан фудс” – сүт және май өнімдері, “Ren milk” – сүт өнімдері, “Апрель – Құлагер”, “Дедов” – ет және шұжық өнімдері, “Қарағанды-Нан” – нан-тоқаш және макорон өнімдері, “Карл Маркс” ҚФ – тауық жұмыртқасы және ет).

6-7 шілде күндері қарағандылықтар Елордадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне өз өнімдерін жеткізеді. Нұр-Сұлтан қаласы күнін тойлауға орай ұйымдастырылған жәрмеңке «Қазақстан» спорт кешенінің алдындағы алаңда ашылады. Қарағандыдан оған 11 тонна сүт өнімі, 300 мың дана жұмыртқа, 4 тонна балық, көкөністер, ет және басқа өнімдер жөнелтіледі.

Алға қойып отырған мақсат бұдан да зор. Мәселен, «Жол картасының» 4 нысаналы индикаторларына қол жеткізу мақсатында сүт өнімдері өндірісін 2020 жылы – 7,4%-ға, 2021 жылы – 6,9%-ға ұлғайту жоспарлануда. Ол үшін жалпы саны 1500 мал басы бар 11 тауарлы сүт фермаларын құру қарастырылған. Сондай-ақ, көкөніс отырғызу алқаптарын 2019 жылы – 42,6%-ға (100,1 гектар), 2020 жылы – 57,4%-ға (134,9 гектар), бас-аяғы 235 гектарға ұлғайту көзделуде.

Бұдан бөлек, Қ.Сәтбаев атындағы каналдың Тұзды су қоймасынан биыл – 48% (4,8 млн. текше метр), 2020 жылы – 52% (5,2 млн. текше метр), барлығы 10 млн. текше метр су жіберуді жүзеге асыру қолға алынуда. Сонымен қатар, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында тамшы- латып суару жүйелерін құру және кеңейту жоспарда бар.

Биыл 12 ақпанда облыстың кәсіпкерлер Палатасымен «Елорданың азық-түлік белдеуіне қатысушы» мәртебесін беру жөнінде комиссия құрылды. Комиссия құрамына ауыл шаруашылығы басқармасының, өңірлік палатаның, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері енді. Осы мәртебені алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, тауар өткізу нарығына, соның ішінде, коммуналдық нарықтарға қол жеткізуге басым құқық беріледі. Сондай-ақ, «ҚазАгро «ҰБХ» АҚ қаржы институтта- рында өндірушілерге несие берудің басым мүмкіндігі қарастырылған.

Қазіргі уақытта Елордаға өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өнімдерін жеткізу жұмысы жалғасуда.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан шаһарына 15,2 мың тонна өнім жеткізілген болса, соның 2,0 мың тоннасы – ет өнімі, 1,5 мың тоннасы – көкөніс, 9 мың тоннасы – картоп, 1 мың тоннасы – май өнімдері, 1,7 мың тоннасы – бакалея өнімдері және 30 млн. дана тауық жұмыртқасы.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан шаһарына 15,2 мың тонна өнім жеткізілген болса, соның 2,0 мың тоннасы – ет өнімі, 1,5 мың тоннасы – көкөніс, 9 мың тоннасы – картоп, 1 мың тоннасы – май өнімдері, 1,7 мың тоннасы – бакалея өнімдері және 30 млн. дана тауық жұмыртқасы.

Биыл бас-аяғы 102,7 мың тонна өнім жеткізу жоспарлануда. Соның ішінде, 11,2 мың тонна ет өнімдері, 15,3 мың тонна көкөніс, 53 мың тонна картоп, 5,7 мың тонна май, 10,2 тонна бакалея өнімдері және 190 млн. дана жұмыртқа.

Азық-түлік тауарларын делдалдардың қатысуынсыз жеткізуді ұлғайту мақсатында облыс орталығында құны 10,5 млрд. теңге тұратын көтерме-тарату орталығының құрылысы жүргізілуде. Бұл тікелей жеткізу есебінен азық-түлік бағасын, соның ішінде, әлеуметтік маңызы бар тағам құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, осы жылы ел астанасында облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 1 мың тоннаға дейін өнім жеткізетін 2 жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, 6-7 шілде күндері қарағандылықтар елордадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне өз өнімдерін жеткізеді. Нұр-Сұлтан қаласы күнін тойлауға орай ұйымдастырылған жәрмеңке «Қазақстан» спорт кешенінің алдындағы алаңда ашылады. Қарағандыдан оған 11 тонна сүт өнімі, 300 мың дана жұмыртқа, 4 тонна балық, көкөністер, ет және басқа өнімдер жөнелтіледі.

Тасымалдауға, сақтауға және сатуға қажетті жабдық дайын. Тауарлар бағасы мен көлемі өндірушілермен келісілген.

Рауан ҚАБИДОЛДА.