Қаздауысты Қазыбек би Кел­дібекұлының 350 жыл толуына арналған мерейтойға қатысушыларға!

Қадірлі ағайын!

Қазақ халқының үш биінің бірі – Қаз­дауысты Қазыбек би Кел­дібек­ұлы­ның 350 жылдық ме­рейтойы құтты болсын!

Қаздауысты Қазыбек бабамыз – ұлтымыздың та­ри­хын­да алтын әріппен жазылып қал­ған қай­рат­кер тұлға.  Қазақ хан­дығы дербес шаңырақ көтеріп, іргесін бекіте бастаған тұста әз Тәу­ке ханның үш биінің бірі болған бабамыз өзінің әділ де көреген қасиетімен ел аузында аңызға айналды.

Қаздауысты Қазыбек бидің:

«Қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқ­тықпай жай

жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзасына жылқының  қылын

таққан елміз»,

– деп келетін данагөй толғамы халқы­мыздың бол­мысы мен табиғатын, ерлігі мен кеңдігін көр­сетеді.

Бүгінгі тәуелсіз, бейбіт, өркендеген Қазақстан сол ата-­бабаларымыздың аманатына, ар­ман-аңсарына қол жет­кізді. Осы­ның бәрі халқымыздың береке-бірлігінің, ынты­ма­ғының арқасы.

Біз өткенімізді қастерлей, бү­гіні­мізді қа­дір­лей отырып, бола­ша­ққа үміт қолын созған елміз. Осы орайда, «Ру­ха­ни жаңғыру» бағ­дарламасын іске асы­рып, соның аясында тарихымызды, м­ә­дениеті­мізді, ұлттық жа­ды­мызды жаң­ғыртып, жаңартып жатыр­мыз. Бү­гінгі мерейтой – соның айқын бір дәлелі.

Баршамызды бабамыздың аруағы қол­­да­сын!

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

18.08.2017 Астана Ақорда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.