Руханият

Азаматтық бастамалар күні

  «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қарағандылық жобалық кеңсенің өкілдері Қарағанды облысының тұрғындарын «Азаматтық бастамалар күні» акциясына қатысуға шақырады.

Ұйымдастырушылар облысымыздың қалалары мен аудандарындағы өмірді жақсартуға, оны анағұрлым сапалы және лайықты етуге қатысты кез келген ұсыныстар мен идеяларды қабылдап, қарастыруға және талқылауға дайын екендерін айтады.

«Азаматтық бастамалар күні» Қарағандыда 28 шілдеде «Рухани Жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде өтеді.

Бұл бастамаға бейжай қарамайтын азаматтар, коммерциялық емес және жастар ұйымдарының, саяси партиялардың өкілдерін, бизнесмендерді 10.00 – 16.00 аралығында Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 31, 204-ші кеңсе мекен-жайы бойынша күтеді.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қарағандылық жобалық кеңсенің өкілдері мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп облыс, қала, аудандар үшін қызықты, пайдалы, әрі маңызды деп табылатын түрлі идеяларды талқылауға дайын. Азаматтық бастамалар күнінің басты мақсаты – туып-өскен қалаңдағы немесе ауданыңдағы өмірді қызықты, сапалы және лайықты ету.

«Біздің әрқайсымыздың пікіріміз  – өз Отанымыздың болашағымен байланысты», – деп атап айтты акция ұйымдастырушылары. Олар барлық бастамалар мен ұсыныстар қаралатынына уәде берді. Олардың ең қызықтылары мен маңыздылары ел Президентінің ауқымды ұлттық жобасы – «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына енеді.

 

Өз тілшімізден.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button