Қарқаралы

Азаматтардың айрықша тартуы

     Жаңа жылды жаңа леппен, қуанышпен қарсы алу үшін Тоқтар ауылының жұртшылығы биыл ерекше қамданыс жасады. Ауыл азаматтары тұрғындар мен қонақтарға арнап мұз қалашығын тарту етуі.

    Мұндай мұз мүсіндерін жасау – төзімділік пен табандылықты сынға салары сөзсіз. Себебі, қыстың сары аязында ауылдан бірнеше шақырым жерден өзен мұзын ойып әкелу, оған түрлі пішін беріп, сәуле шашар электр сымдарын жүргізу – кімнен де болсын асқан қажыр-қайратты талап етеді. Осындай жұмысқа аянбай ат салысқан Қанат Әбіш, Кенжебай Айтжанов, Ерназар Әбілқас, Өміржан Қапанға, сонымен қатар, құрал-жабдығымен мұз оюға көмек көрсеткен Манарбек Алдажұманов, көлігімен мұз тасып, қол ұшын созған Сұңғат Есенгелдинге, мұз қалашығының жұмысына белсене ат салысқан өзге де азаматтарға ауыл тұрғындарының алғыстан басқа айтары жоқ.

   Мәдениет үйінің ауласында бой көтерген мұз қалашығы ауылдың ажарын кіргізіп, мұздан жасалған мүсіндердің әр қайсысы өзіндік мәнге ие екендігін де айта кеткен жөн. Солардың арасында «I love Toktar» жазуы бар мүсін – ең елеулісі. Жаңа жылдың келгенін растайтын – сағат мүсіні де, есігімізден енген жылдың бейнесі – қораз да, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құрметіне арналып, мұздан ойылған – «Тәуелсіздік монументі» де, адалдық пен махаббаттың символы болған – «Аққу» мүсіні өз тұғырынан табылды. Бұл аз десеңіз, халықаралық «EXPO» көрмесінің белгісі де мұз мүсіндерінің арасынан мен мұндалайды. Жаңа жылдағы ауыл жаңалығы – осындай. Жаңа жыл жақсылығымен келсін.

Нұржан КӨШКІНБАЙ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button