Жаңалықтар

«ҚазАгро» несие көлемі – қомақты

      Соңғы үш жылдың ішінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингі тарапынан ауылдағы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру көлемі 1,8 есе өсті. Ал, 2018 жылы 34 млрд. теңге сомасына шағын несие беру жоспарлануда. Осы мақсатқа «ҚазАгро» Холдингінің құрамындағы қаржы-несиелік ұйымы Қаржылай қолдау Қоры арқылы өнімдері экспортқа бағытталған шаруашылықтарға ірі және ұсақ ұрғашы мал сатып алуды қарастыратын несиелеу бағдарламаларымен толықтырылу жоспарлануда. Қаржыландыру үшін қажетті құжаттар пакетін оңтайландыру мақсатында e-gov.kz мәліметтер базасымен интеграцияны жүргізу жоспарланған. Бұл туралы «ҚазАгро» холдингінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Сонымен бірге, баспасөз қызметі былтыр, яғни, 2017 жылы Қор арқылы ауыл кәсіпкерлігін қаржыландыруға 50 млрд.теңге бағытталғанын хабарлайды. Мысалы, несиелеу көлемі 2015 жылы –27,3 млрд. теңге  болса, 2016 жылы – 34,9 млрд. теңге, ал, 2017 жылы берілген несиелер көлемі – 49,9 млрд. теңгеге жеткен.

Сондай-ақ, былтыр Қор 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысты.

Таратылған мәліметтерге сүйенсек, несиелеу отбасылық тауарлы сүт фермаларын құру және дамыту бойынша «Ырыс», малды бордақылауға арналған «Береке», ауыл шаруашылық мал мен құстарды көбейту бойынша «Игілік», ет, сүт және жеміс-көкөніс бағыттарында қызмет көрсету-дайындау ұйымдарын қаржыландыру бойынша «Ынтымақ», отбасылық қарқынды алма бақтарын құруға арналған бағдарламалар бойынша жүргізіліпті.

– Өткен жылы Қор жалпы сомасы 49,9 млрд.теңге 13 238 жобаны қаржыландырды, 13 837 адам жұмыспен қамтылды,– дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Оспанов.

Бұдан бөлек,  Қор сенімді өкіл ретінде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясында ауылға жұмысқа келген жас мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін 11 млрд.теңгеге 3 424 қарыз беріпті.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button