Бас тақырыпЖаңалықтар

«Қазақстанның үздік тауары – 2018» көрмесінде жаңа аталым

«Қазақстанның үздік тауары – 2018» көрме байқауында ауыл шаруашылық және тағамдық өнімдерді өндіру саласында жаңа номинация пайда болды деп хабарлайды, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. Аймақтық көрме қатысушылар жыл сайын «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауары» аталымдары бойынша сынға түссе, биыл ауыл шаруашылық және тағамдық өнімдерді өндіру саласында жаңа, төртінші номинацияда бақтарын сынайды.

Қазақстандық тауарларды жарнамалау және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді мақсат еткен байқаудың аймақтық кезеңі Қарағанды қаласының орталық саябағында үстіміздегі жылдың 30-маусымында өтеді. Сонымен қатар, жаңа номинациямен қатар, «Үздік индустриалдық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» атты арнайы сыйлық та бекітілмек.

Биылғы қорытынды халық пікіріне байланысты болады. Онлайн дауыс беру арқылы 27 үміткер анықталады. Аймақтық байқау жеңімпаздары Астана қаласында республикалық көрмеге қатысады.

Өтінімдер 25-маусымға дейін t.yun.@palata.kz электронды поштасына қабылданады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button