Жаңалықтар

Қазақстандықтар Головкинге қолдау көрсетуде

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин шаршы алаңда қарсыласына есе жіберді. Қазақтың көк байрағын шет елде желбіретіп, ел атағын шығарып жүрген батырға отандастарымыз бір ауыздан қолдау білдіріп, оның бәрбір де чемпион екендігін жазуда.

“Гена, сен біздің Чемпионымызсың, саған алғысымыз зор, қолыңнан келгеннің бәрін жасадың. Баршамыз сені мақтан тұтамыз”, – деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің “Фейсбук” парақшасында. 

Головкинге қолдау білдіргендердің қатарында танымал әнші Димаш Құдайберген де бар.

“Біз үшін сен бәрінен артықсың! Сен нағыз ЧЕМПИОНСЫҢ! Қазақстанды әлемге танытып жүргеніңе рахмет! Алға”, – деп жазды белгілі әнші Димаш Құдайберген өз парақшасында.

Головкиннің жеңіліс табуы отандастарымызға оңай соққан жоқ. Әйтсе де, бұл – спорт. Жеңу мен жеңілу қатер жүреді. Әлемге әйгілі боксшылардың арасында да жеңілмеген спортшылар аз. Ел азаматтары жаппай Геннадий Головкинге қолау білдіріп, алдағы жекпе жектеріне сәттілік тілеуде.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button