Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілік

«Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Респуб­лика­сының Заңы микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржы ұйымдарының құқықтық жағдайының, құрылуы­ның, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ, микро­қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.

Микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тір­келу­мен және есептік тіркеу­ден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңмен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.

Микрокредит – микроқаржы ұйымы қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша.

Әкімшілік құқық бұзушылық­тар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 211 бабында микроқаржы ұйым­дары­ның әкімшілік құқық бұзу­шылық жау­ап­кершіліктері қарас­тырыл­ған.

Яғни, микроқаржы ұйым­дарының «Микроқаржы ұйым­дары туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңында көздел­меген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Микроқаржы ұйымының шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күнi таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Рес­публикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында талап етiлетiн ақпаратты бермеуi, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы бермеуi не микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес берiлуi талап етiлетiн мәлiметтердi қамтымайтын ақпаратты беруi не анық емес ақпаратты беруi – екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Микроқаржы ұйымдарының клиенттермен жасасқан микрокредит беру туралы шарттарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуі, сол сияқты микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік-құқықтық актісінде айқындалған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асыруы – заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Микроқаржы ұйымдарының клиенттердiң төлем құ­жат­тарын жоғалтуы – заңды тұлға­лар­ға бір жүз айлық есеп­тiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

«2016-2018 жылдарға ар­налған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептiк көрсеткiш – 2 121 теңгені құрайды.

Н.Төреғожин.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.