Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылмақ. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.