Қазақмыс — бизнестің жемісті жолы

    «Қазақмыс корпорациясына» – 20 жыл. 1997 жылдың жазында «Жезқазғантүстімет» «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-і болып қайта құрылды. Сол жылдары тоқыраудың алдында тұрған компанияның бүгінде ірі мыс өндірушіге қалай айналғандығы туралы сенатор Сергей Михайлович Ершов, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Басқарушы кеңесінің Бас директоры Бахтияр Қрықпышев және компания құрылғанда оның бастауында тұрған үзеңгілестері әңгімелейді.

Сергей ЕРШОВ,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты:

«Түйіні томардай

мәселелер – өндірістің тынысын тарылта

берген-ді…»

«Қазақмыс» корпорациясының» қалыптасу кезеңі, халықтың басым көпшілігінің тауы шағылып, ертеңге деген сенімін жоғалтқан тарихымыздың күрделі кезеңінде өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Жез­қазғантүстімет», ел­дің өзге де кәсіпорындары жұмысын тоқтатудың алдында тұрды. Түйіні томардай мәселелер – өндірістің тынысын тарылта берді. Ал, бұл мәселелерді шешу үшін басшылыққа еркін ойлайтын және жауап­кершілік пен тәуекелділікті мойнына алатын адам қажет болды. Сол оқиғалардың куәгері ретінде мен ел басшылығы сол сәтте көпшілік күтпеген, бірақ өте әділ шешім қабылдады деп ойлаймын. «Жезқазғантүстімет» АҚ бірінші басшысы болып, сол уақытта 35 жастағы Владимир Сергеевич Ким тағайындалды. Мемлекет басшысының қателеспегенін уақыт көрсетті. Президент бәсті жастарға, істе әбден сыналып, шыңдалған қазақстандықтарға тікті. Әлбетте, бұл кездейсоқ емес шығар – Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болды ғой. Жас жігіттің бойынан өзіне тән қасиеттер — жігер, батылдық, серпін, жасампаздықты байқаған болар, сірә?!

Бірінші кезекте басшылыққа кел­ген жаңа команда өндірістің стра­тегиясын анықтады және кеніштердің, фабрика, зауыттардың техникалық жарақтану мәселелерін шеше бастады. Біртіндеп жаңа өндірістік қуаттар, жұмыстың ілкімді түрлері енгізілді. Зауыт мұржаларынан түтін будақтап шыға бастағанда, Жезқазған өңіріне қан жүгірді. Ал, тұрғындар кең тыныс алып, келешекке батыл жоспарлар құруға кірісті. Сол кезде «Жезқазғантүстімет» құрамына жаңа құрылымдық бөлімшелердің кіруіне байланысты кәсіпорынды «Қазақмыс» Корпорациясы» деп атау туралы шешім қабылданды.

Осындай толыққанды жұмыс өзінің жемісін берді. 2005 жылы компания өз акцияларын Лондонның қор биржасына орналастыра отырып, барша әлемге әйгілі жария мәртебесін иеленді. Ал, «Қазақмыс» басшысы Владимир Сергевич Ким Қазақстан Президенті бастаған тиімді тәжірибе – жас, жігерлі жастарды алға тартуды жалғастырды. Жастардың бағына орай өндірістің озық тәжірибелерін және жұмысшылармен тіл табысуды үйрететін тұлғалар бар еді. Атап айтқанда, жастар Ғазиз Омарұлы Омаров, Қадыр Маткенов, Игнатий Евгеньевич Ли, Григорий Гаврилович Савчук, Виктор Иванович Лавецкий, Виктор Васильевич Сербин және да басқа атақ­ты-қазақмысшы ардагерлермен қатар еңбек етті.

Эдуард Викторович Огай 37 жа­сында «Қазақмыстың» басқарма Төр­ағасы болды. Ол сол оңайға соқпаған сол кезеңде де және қазірде де асқан абыроймен және тиімділікпен компанияның дамуы үшін зор үлес қосып келеді.

Бүгінде халықаралық деңгейде тау-кен өндірісі мәселелерін жетік меңгерген жоғары дәрежелі менеджер.

Кеншілер әулетінен шыққан Бах­тияр Әбдрахманұлы Қрықпышев Бас директор ретінде ұжым басшылығына 40 жасында келді. Жас кезінде тау-кен өндірісінің бар­лық сатысын өткен Бахтияр Әб­драхманұлы асқан еңбексүйгіш­тігімен, жаңалыққа құштарлығы, ма­ңызды шешімдерді қабылдаудағы ақылдылығымен ерекшеленіп тұрады.

«Қазақмысты» құруға Владимир Сергеевичтің басшылығымен тәжірибелі басқарушылардың шо­ғыры қатысқанын атап өту ләзім. Юн Руслан Борисович – бас кенші болды, Телешев Қайсар Жұмахан­ұлы металлургияда еңбек етті, кен байытуда – Цветков Виктор Алексеевич, қаржы саласында – Гафура Нұртазақызы Ибраева, жабдықтауда – Асқар Қадыркенұлы Дүйсембаев, Малышев Владимир Николаевич әкімші болды, Шатохин Геннадий Иванов көлікпен қамтамасыз етуді басқарды, сыртқы экономикалық қызметпен – Асқар Қадырұлы Маткенов, энергетикамен – Бондарев Николай Федорович айналысты, Бегляров Михаил Арамович – бас механик, Ракутин Леонид Юрьевич – бас құрылысшы, Мамедов Эльдар Валерьевич – заң қызметін құрды. Маған, сіздердің қызметшілеріңізге, өнімімізді шетелге шығару үшін корпорацияның логистикалық жүйесін құру бұйырды. Жас Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы кезеңіндегі барлық қиындықты және ауыртпалықты бірге, теңдей бөлістік. Сол уақытта біздің жасымыз небәрі 35-37 еді!

Бүгінде корпорациядағы жұ­мыс­шылардың орташа жасы 30-39 құрайды, жұмыс өтілдері орташа 12 жыл. Бұл өркендеу әлеуеті зор және мықты жас компания және, әрине, оны уақыт тынысын тап басатын үздік жастардың басқаруы керек. Владимир Сергеевич Ким ел Президентінің тікелей басшылығында болып, басшыға қажетті нақты талаптарды меңгерген. Бұл – іскерлік, адамдарға жақындық, бастамашылдық, көпшілікті ұйыстыра білу, жаңашылдық, батылдық, көрегендік. Өз кезегінде, бұл мінездерді корпорация басшылығының келесі толқындары бойына жақсы сіңіруде. Өйткені, бұл қатаң бәсекелестік және әлемдік дағдарыс жағдайындағы жұмыстың бұлжымас шарттары.

20 жыл – жалпы экономикада кәсіпорынның орнын айқындауға мүмкіндік беретін мерзім. «Қазақмыс» Корпорациясы» Қазақстан Республикасының экономикасында маңызды орынды иеленеді, жұмысшылар лайықты еңбекақы алады, уақыт талабына сай өндіріс одан әрі даму үстінде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің еңбек ұжымының жұмысын жоғары бағалайды, ал, мұнда әрбір жұмысшының үлесі бар.

Мен барша қазақмыстықтарды, еңбек етіп жүргендерді, ардагерлерді, олардың отбасын осынау жарқын атаулы күнмен, еңбек ұжы­мының маңызды белесімен құт­тықтаймын, бақыт және табыс ті­лей­мін!

Бахтияр ҚРЫҚПЫШЕВ,

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Басқарушы кеңесінің Бас директоры:

«Біздің кеніштік базамыз компанияның алдағы он жылғы жұмысын қамтамасыз етуге

мүмкіндік береді»

«Қазақмыс» Корпорациясы» құ­рылған сәтте мен енді ғана жұмыс істей бастағанмын. Инженер-механик білімін алып, Солтүстік-Жезқазған кенішіне, БелАз көлігіне жүргізуші болып орналастым. 1997 жылы кенішке барып жұмыс істеуді шештім де, Шығыс-Жезқазған кенішіне ауыстым. Ал­ғашында жерасты механигі, кейін экспериментальды участокте тау-кен инженері болдым. Ауыр кезең еді, сондықтан өнім алудың сол кездегі технологиясын өзгертудің түрлі нұсқаларын қарастыру қажетті. Барлық дерлік уақытымызды біз жұмысқа арнадық – байытылған мазмұндағы кен алу бойынша қанатқақты жобаны енгіздік. Сол күрделі кезеңдерде кенішке дейін біз кәдімгі рейстік автобустармен жетуге мәжбүр едік, өйткені, қызметтік болған жоқ, айлықты уақытылы алмадық, үйімізде жарық, жылу жоқ. Жасыратыны жоқ, сонда маңайымдағы жұмысшылардың бар­лығын шарасыздық сезімі билеп алған-тын.

1995-1997 жылдар компания үшін өзгеріске толы болды, шамамен екі жылдық қызу еңбектің ар­қасында елеулі нәтижелерге қол жетті. Басқарушылардың тиімді жұ­­­мысының арқасында өндіріс тұ­рақтанды, жоғары өнімділіктегі авто­маттандырылған жаңа жабдықтар сатып алынды, еңбекақы өсіп, жүйелі төлене бастады, электр қуатын, жылуды, ыстық суды өшіруді тоқтатты, қызметік көлік пайда болды. Бұған қоса, компанияның өндірістік базасы белсенді кеңи түсті.

Кейде менен жаңа факторлар «Қазақмыстың» табысты дамуына ықпал етті ме деп сұрайды. Мен корпорация жоғары деңгейге бірінші кезекте Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында жетті деп ойлаймын. Елбасының Владимир Сергевич Кимді басшы ретінде тағайындау туралы шешімі дұрыс және дер кезінде қабылданған шешім. Владимир Сергеевичтің келуі, оның басшылық таланты, ұйымдастырушылық қабілеті және еңбексүйгіштігі компания­ның аяғынан тік тұруына көмектесті. Өйткені, өмірлік мол көзқарасы бар, жерасты ғана емес, адами ресурстарды көре білетін дәл осындай адам рөлде болуы тиіс-тін. Уақыттың өзі көрсеткендей, жаңа басшы жергілікті басқарушыларға негізгі басымдық беріп, дұрыс стратегия қабылдаған. Бұл саясатты корпорация бүгінде де ұстанатынын атап өткен жөн. «Қазақмыста» еңбек ететінімізге жалғыз мен ғана емес, корпорацияның өзге де қызметкерлері мен жұмысшылары да мақтан тұтады деп ойлаймын.

20 жыл – беріктіктің мол қоры, сондай-ақ, ұзақмерзімді стратегиясы бар компания үшін шек-шекара емес.

Бүгінде біздің жезқазғандық алаң­да 100 миллион тонна баланстық қорымыз бар, ал, егер баланстан тыс кендері кем қорларды есепке алсақ, онда қор бір миллиард тонна. Біздің кеніштік базамыз компанияның алдағы он жылдық жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Геологоиялық барлауға 2010 жылдан бастап бөлінген қосымша қаражаттың арқасында біз 60 миллион тонна кен қоры бар кен денелерін анықтадық, сонымен қатар, барлау бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қосымша ресурс беретін жаңа кен орындарын білдік. «Kazakhmys Holding» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасы Эдуард Викторович Огайдың тапсырмасымен игерудің жоспарланған сомасы 13 миллиард теңгеден асатын геологиялық бұрғылау жөнінде бес жылдық бағдарлама жасалды. Сондықтан, біздің қызметкерлер жұмыспен ұзақ жылдарға қамтылғанына сенімді бола алады. «Қазақмыстың» дамуы және гүлденуі үшін күн сайын ерен еңбегімен үлес қосып жүрген компанияның барлық қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Олардың батылдығы, отансүйгіштігі және компанияның игілігі үшін еңбек етуге деген құлшыныстарының арқасында біз компанияның басына төнген дағдарыстық кезеңдерді өткере алдық. «Қазақмыстың» барлық жұмысшыларына өнімді және қауіпсіз еңбек, отбастарына игілік тілеймін. Бүгін біз болашаққа батыл көзқараспен қараймыз және болашақты бірге құратын боламыз!

• • •

Эльдар Мамедов,

КAZ Minerals Management Басқарма Төрағасы:

«Қазақмыс» – қазақстандық бизнестің жаңа философиясы»

1997 жылы мен кеңесші-заңгер қызметін атқардым. Мамандығымыздың ерекшелігіне қарай, бізге, заңгерлерге де, компанияның, оңай емес, бірақ қызықты процестеріне белсенді қатысуға тура келді. Мол тәжірибемізге қарамастан, берер тәлімі көп тәжірибелі басшылармен тығыз жұмыс істеуіміздің арқасында біз алға қойған міндетке қол жеткіздік.

Бүгінде «Қазақмыс» корпорациясы» – бұл заңды тұлғаның атауы ғана емес, бұл – қазақстандық бизнестің жаңа философиясын ісе асырған жаңа дәуір, серпінді даму мен алға жылжудың кезеңі. Бірнеше жылдың мұғдарында «Қазақмыс» байрағының астына Қазақстанның барлық мыс өнеркәсібі біріктірілді. Міне, жиырма жыл бойы корпорация атауымен «қазақстандық мыс индустриясы», «жоғары кәсібилік және сенімділік», «әлеуметтік жауаптылық» категориялары қатар аталады.

• • •

Геннадий Шатохин, «Қазақмыс­тың» еңбегі сіңген ардагері:

«Бұл қиын және

қызықты жылдар еді»

Мен Владимир Сергеевич Кимнің өзімен бірге үзеңгілес еңбек еткен басқарушылар командасын құрудағы еңбегін ерекше атағым келеді. Соның арқасында кез келген күрделі мәселені шеше алатын, бір-бірін ішінара алмастырып, көмек қолын созатын тамаша ұжым қалыптасты. Мен үшін бұл қиын, алайда, қызықты және жемісті жылдар еді. Мұндай басшы өмірде әркімнің маңдайына жазыла бермейді және мұны ұдайы ризашылықпен еске алып, жадымызда мықтап сақтаймыз.

• • •

Виктор Лавецкий,

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Қызмет әкім­шілігі басшысының бас маманы:

«Бізді жаңаша ойлауға және еңбек етуге

үйретті»

1995 жылы Жезқазғанға Владимир Сергеевич Ким бастаған басқарушылардың жаңа командасы келді. Олар өндірісті басқарудың жаңа формаларын енгізе бастады. Бізді жаңаша ойлауға және еңбек етуге үйретті. Сонымен қатар, біз компанияның кен алу көлемін арттыруға инвестиция салғанына, байыту және мыс балқыту өндірісіндегі проблемаларды шешуге қаражаттар бағыттағанына куә болдық. Ел өз еңбегінің нәтижесін көрді және барын салып еңбек етті. Жаңа біліммен қаруланған біздің мамандар «Қазақмыс» Корпорациясы» өндірісінің қайта түлеуіне және құрылуына орасан үлес қосты.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.