Бас тақырыпРуханият

Қазақ еліне ризамыз!

Мен үшін Алғыс айту күні несімен ерекшеленеді, оны мен немен байланыстырамын? Ең алдымен, бізге өмір сыйлаған, әртүрлі ұлттарға құрметпен қарау үлгісін таныта білгендері үшін, білім, еңбек арқылы елдің дамуына зор үлес қосып, тату-тәтті өмір сүруді, қазақ жеріне және оның қонақжай халқына құрмет көрсетуді мұра етіп қалдырған ата-бабаларымызға алғыс айтамын. 

Бірге тұратын адамдардың салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен танысу, бізге әр халықтың рухани әлемін толық тануға және менталитетімізге оң әсер етуге көмектескені үшін, ортақ құндылықтар мен идеалдарды қалыптастырғанына алғыс білдіреміз. 

Қазақ жерінде мен алғаш рет сүйікті адамымды тапқаным үшін, онымен бірге қол ұстасып 30 жыл бірге өткізген ғұмырым үшін… Осы елде дүниеге келген ұлдарым мен немерелерім үшін алғыс айтамын. 

Кәсіби маман ретінде танылуыма негіз қалаған қызықты жұмысым үшін ризамын. Қоғамдық қызметтің арқасында тамаша адамдармен танысуға, өзімді пайдалы және бақытты сезінуге себепкер болғаны үшін айтар алғысым шексіз. 

Бұл мәні ерек мереке өте маңызды – өскелең ұрпақты толеранттылыққа, тарихты құрметтеуге үйретеді. 

Бүгін әртүрлі елдерді танып-біліп, олардың өмір сүру деңгейіне таңдана қарасақ та, біздер, өзінің туған Отанын жанындай жақсы көретін 1950-ші жылдары дүние есігін ашқан ұрпақ өкілдері, ертеңіміздің бүгіннен де жақсы болатынына сенеміз. 

1 наурыз күні түріне, түсіне қарамастан әр түрлі ұлт өкілдерін, барлық достарымды құшақтап, ыстық ықыласпен баршаңызға рахмет айтамын. 

 

Лилия КИМ,

 Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысы кәрістер этномәдени бірлестігінің төрайымы.

Басқа материалдар

Back to top button