Жаңалықтар

Азғындықтың шегі

Қазақта «Жемісті ағаш – жерге иіліп тәжім етеді, жетелі жігіт – елге иіліп тәжім етеді» деген нақыл сөз бар. Әлбетте, ағаш жемісімен көрікті, жеміс бермегенін, өспегенін, өркендемегенін кесіп, отын етсе, дүниеге ұл келсе, ел қорғаны ретінде танып, болашағына үміт артып, соған лайық тәрбие беруге тырысты. Қазақтың ұрпағына берген тәрбиесінің мықтылығы сонда, шыны керек, о заманда бұл заман, ерінің әйелге, әйелінің еркекке айналғаны туралы осыған дейін естісек, құлағымыз керең болсын…


Ғұмырын ат үстінде жаугершілікпен өткізіп, бертінде қазан төңкерісі деп, ақтар мен қызылдар тартысқа түскенде «екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледінің» керімен жүріп, кейіннен кеңес үкіметінде бас көтертпес құлдық бұғауда жүріп, ен даланың аста-төк байлығына өзі иелік ете алмай, коммунизм әкеліп, орната қоятын «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға» жетеміз деп, жете алмай қалған қазақ елі енді өз қолы өз аузына жетіп, бас көтеріп, жан-жағына қарап, ішкені алдында, ішпегені артындағы жағдайға жеткен кезде, ХХІ ғасыр дертіне айналған «гомосексуализм» де төбесін қылтитып шыға келді. Әуелде, өзге ұлттың ғана зауалы ретінде қарап, мән бермегенімізбен, жедел тарайтын ақпарат арқылы азғындық бізге де келді. Кезінде тоңып секірсе, бұл енді тойып секіргендік болды. Қазір БАҚ беттерінде нақты жарнамалады, насихаттады деп айтпасақ та, жынысын өзгерткендер туралы хабарлар түсіріп, айдай әлемге жар салып жатқаны бар. Әуелде орыс тілді ақпарат көздерінен ғана тараса енді, тіпті, сорақысы, әлеуметтік желілерде отбасы бола тұра, бір жынысты еркектер арасындағы қатынас туралы аттарын жасырып, өздерінің оқиғаларын айтып жатқан ер-азаматтардың саны күннен күнге көбейді.
Кезінде аяусыз жазалап, Кремль түгіл КСРО-дан қуған Сталиннің, соңдарына шам алып түсіп, аяусыз қырған, тірі қалғанын лагерьде ұстап, еркек кейпіне келтіруге тырысқан Гитлердің сол кездегі әрекеттерінде, бәлкім, саяси астар жатқан да болар, дегенмен, гомосексуализмнің еркін қанат жайып, дұрыс қоғамға ауыз салуына кедергі болғаны рас.
Гомосексуализмнің қоғам үшін қауіптілігі – ұрпақ жалғастығына, балаға, бала тууға деген өшпенділігі. Бір жыныстылар одағының (отбасы деуге ауыз бармады) баланы тауарға айналдырып, базарға барып сатып алғандай иелік етулері, сөйтіп өздері сияқты қоғамның азғын мүшелеріне айналдыруға деген талпыныстары, міне сол қауіп.
Өзгелермен құқықтарын теңестіру үшін жер шарындағы елуден астам елде ұйымдастырылатын гей-парадтар ше? Парад сөзінің өзі санамызға жеңіс деген ойды әкеледі. Гей-парад ұйымдастыруға рұқсат етіп, жынысты өзгертудің салтанат құрғанын, дәстүрлі қоғамның құрдымға кетіп бара жатқанын мойындау болғаны ғой сонда.
Бәлкім, гомосексуализм адам жаралғаннан бері бар деп айтып, оны психикалық ауру қатарына қосып, ақтап алуға да тырысатындар бар болар. Бірақ, оны психикалық ауруға жатқызған адамның өзі де осы «көгілдірлер» қатарынан екені назардан тысқары қалып қояды. Тіпті, көне Грекияда, Қытайда бір жыныстылар арасындағы махаббаттың болғанын тарихи жазбалардан білеміз. Оны жаугершілікте жүргеннен еріксізден болған шара деп те жазып жатады. Жақсы, солай-ақ болсын делік. Ал, бірақ, өмірін ат үстінде жаугершілікте өткізген қазақтан осындай сұмдықтың шыққанын естімеппіз.
Біз білмейтін қырлары бар болды деген күннің өзінде, айдай әлемге жар салып, адамның көзі де, құлағы да қанық болған дүниені қоғамның қалыпты дүниедей қабылданатыны бар. Қиын қыстау заманда жат нәрсеге жоламай, азғын жолға түспей, ұрпағына дұрыс тәрбие беріп келген қазақтың ер-азаматтарының осындай күйге ұшырауына не сұмдық әсер болды?!
Кейде, осы құбылысты БАҚ арқылы таралатын ауру деп айтпасқа шара жоқ. Жыныссыздар – адамзатқа тән емес, табиғи құбылысқа жиіркенішпен қарайтын, ұрпақ әкелмейтін паразит түр. Бұл – ешқандай ауру да емес. Тәрбиеден кеткен олқылық. Балаға еркіндік беріп, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсіп, бар қызықты сарқығандай болған адамның баратын құбылысы да болар, бәлкім. Бұл – «тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласының» кері. Ешқандай ақтауға жатпайтын жыныссыздық – алдымен адамды, содан кейін қоғамды құртатынын сезіне отырып, аяусыз күресетін, түп-тамырына балта шабатын азғындық. Адам – ұрпағымен көрікті. Нәпсі де ұрпақ жалғастығы үшін берілді. Жыныссыздар сол нәпсісін тия алмаудың салдарынан қоғам ішінде пайда болған тобыр.
Адамның өзін, отбасын, қоғамды, айналып келгенде мемлекетті құртатын гомосексуализммен күрес осыған дейін жүргізілгенін білеміз. Әлбетте, олармен қатігездікпен күресу – аяқ асты пайда болған кездейсоқ құбылыс емес. Ақпаратты таратпай жасырын ұстаудың өзінде астар бар. Жынысын өзгерткенді әспеттеп, теледидарға шақырып, қазақ тілінде сұхбат алып, жарнама жасау – міне сорақылық. Осы арқылы әлі жан-жақты жетілмеген жасөспірім бойында адамзатқа, оның ішінде қазаққа тән емес азғындық турады ой ұшқынын беріп, орны толмас кемшілікке ұшырап отыр қоғам. Енді қалғаны – гей-парадтар ұйымдастыру, қалыпты қоғамның аяққа тапталып, баласыз қоғам құрушылардың жеңісіне қарап, масаттану. Ал, олардың адам ретіндегі құқықтарына қол сұқпаймыз деп, тайраңдату, жалпы адамзатқа балта шабу!
Құқықты жасайтын қоғам, қоғам өзін-өзі құрдымға кетірмес үшін құқыққа лайықтының, яғни, қоғамға зиян келтірмейтін, адам атын алып жүргендердің ғана мүддесін қорғаса болғаны.
Отбасы – ер мен әйелдің одағы. Оның бір ғана мақсаты бар, ол – ұрпақ жалғастығы!

Салтанат ИЛЬЯШОВА,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button