Аяулы аналар! Қымбатты қарындастар!

Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесі Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз, Әйелдердің халықаралық күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күндері біз Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер әйелдерге, тыл еңбеккерлеріне, қиын-қыстау шақтарда демеу көрсете білген ақ жаулықты аналарымызға шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Ана – қашанда тіршіліктің тірегі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы.
Бүгінде республикамыздың дамуына, жас ұрпақтың тәрбиеленуіне әйелдер елеулі үлес қосып жүр. Сол үшін әйелдер алдында бас иіп, үлкен алғысымызды айтамыз.
«Отан отбасынан басталады». Қазақстанның гүлденуі, дамыған мемлекетке айналуы – отбасындағы тату тіршілікке байланысты. Ал, үй ішіндегі береке-бірлік ананың қолында екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, Сіздерді осынау көктемнің жарқын да шуақты мерекесімен шын ниеттен құттықтай отырып, әрқашан бақытты да баянды ғұмыр тілейміз!

Т.ЗЕЙНЕШЕВ,
қалалық ардагерлер
кеңесінің төрағасы.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.