Бас тақырып

Автобус жүргізушілеріне бірдей киім берілді

Қарағандылық автопарктер басшылығы жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыруға көңіл бөліп келеді. Мәселен, жақында №3 автопарк әр маусымға арналған 650 арнайы киім сатып алды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қыс мезгіліне арналған жаңа киім екі жеңіл жейде, бір жылы жейде, шалбар, күрте мен бас киімнен тұрады. Автопарктің логотипі басылған киімдер арнайы тапсырыспен тігілген.

Жаңа киім үлгілері қалалық қоғамдық көлік жүргізушілеріне де, облыс орталығынан Абай, Топар, Шахтинск пен Шахан қалаларына қатынайтын автобус тізгіншілеріне де беріледі.

Қызметкерлерді бірыңғай киімге ауыстыру науқаны – автопарк басшылығы қолға алғалы отырған көп өзгерістің бірі ғана. Алдағы уақытта жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға арналған бағдарлама аясында көптеген жаңашылдықтар жүзеге асырылмақ.

Кеншілер шаһарында жолкөлік жүйесін жақсарту мақсатында электронды билеттеу мен жолаушыларды автоматты санау сияқты сандық технологияларды, диспетчерлік жүйені енгізу, қажетті ақпарат көрсетілетін сандық таблосы бар «ақылды» аялдамаларды орнату жоспарда бар.

Басқа материалдар

Back to top button