Ауылдардың атауы өзгереді

    Облыстағы Щербаковское, Киевка және Дальнее ауылдарының атаулары өзгертіледі. Бұл жөнінде Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Нұра ауданының Щербаковское ауылы осы күзде – Қайнар ауылы атанса, Киевка елді мекенінің атауы Нұра болып өзгертіледі. Ал, Осакаров ауданының Дальнее ауылы Аманқоңыр болып аталады.

Ал, 45 көшенің атауын өзгертуге тоқталатын болсақ, олар бойынша жоба жасақталып бекітілуге жіберілген. 

Қазіргі уақытта облыстық тілдерді дамыту жөніндегі ономастикалық комиссияда ауыл атауларын өзгерту бойынша жобалар әзірленуде.

Нұрдос КӘРІМ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.