Бас тақырыпОблыс әкімі

Жеңіс Қасымбек: “Ауылдардың ахуалы жақсарады”

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК халық алдындағы есеп беру кездесуінде аймақта шаруаларға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілетінін және аграрлық салада қандай жобалар жүзеге асатынын айтты.

Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
  • Аймақта агро-өнеркәсіптік кешенге салынған инвестициялардың есебінен 31 жоба жүзеге асырылуда. Бұл қосымша 1500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Өткен жылғы қолайсыз ауа-райына қарамастан, шаруалар жақсы өнім жинай алды. Мал шаруашылығы да айтарлықтай дамып келеді. Былтыр Иран, Қытай және Өзбекстан елдеріне 1386 тонна ет экспортталды, – деді аймақ басшысы.

Ендігі таңда ауылдарды дамыту және тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасау мәселесі тұр. Аймақ басшысының мәлімдеуінше, биыл аудандарда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 7 ауданда жалпы сомасы 3,9 млрд.теңгенің жобасы жүзеге асуда. Сондай-ақ, алдағы екі жылда аймақтағы 90% ауыл интернетпен қамтылмақ.

Басқа материалдар

Back to top button