Бас тақырып

Ауылдарға дәріхана барады

Облыстың шалғай елді мекендеріне баратын жылжымалы медициналық кешендер бұрыннан бар-ды. Биылдан бастап жылжымалы дәріхана пункттері іске қосылмақшы. Аймақ медицинасындағы оң өзгерістер турасында аймақтық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

Бар мүмкіндік – қолжетімді

– Ауылдық жердің барлық тұрғындары, әсіресе, шалғайдағы ауылдар сапалы дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмайды. Онда дәріханалар жоқ. Жеке бизнеске шалғай ауылдарда дәріхана ашу тиімсіз. Сондықтан, бұл мәселені шешу үшін биылдан бастап жылжымалы дәріхана пункттері жұмыс істей бастайды. Кесте бойынша олар елді мекендерді аралап, тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін болады, – деді Ержан Нұрлыбаев.

Сонымен қатар, биылғы жылы жылжымалы медициналық кешендер саны артты. Елордалық денсаулық сақтау басқармасынан осындай екі медициналық кешен берілген көрінеді.

– Олар заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Мамыр айынан бастап облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді, – деп атап өтті Е.Нұрлыбаев.

Емханалар саны артады

Келер айда Майқұдық тұрғындары үшін жаңа емхана медициналық қызмет көрсететін болады.

– Үлкен емханалар мен оларға бекітілген тұрғындардың көптігі негізгі мәселеге айналып отыр. Бүгінде біздің емханалардың әрқайсында 50-60 мың адам тіркелген. Емханалар жүктемесін азайту үшін облыста бірқатар жобалар әзірленді. Облыс орталығында және оның басқа да қалаларында шағын отбасылық денсаулық орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Ержан Нұрлыбаев.

Ержан Шәкірұлының айтуынша, Восток-2 шағын ауданындағы жаңа емхана мамырға дейін пайдалануға берілмек. Ал, тамыз айында При- шахтинскіде әйелдерге кеңес беретін мекеме мен балалар емханасы іске қосылады. Жоспар бойынша 17 мыңға жуық бала осы емханаға тір- келмек.

Сонымен қатар, Жезқазған қаласындағы екі жылға жоспарланған осындай жоба аяқталуға жақын қалды. Мұнда аурухана қалашығы пайда болады. Денсаулық сақтау кешенінде қала тұрғындарына қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталған консультациялық- диагностикалық орталық қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда аталмыш орталықта жұмыс істеуі тиіс қызметкерлер оқудан өтіп жатыр.

Сондай-ақ, облыстық травматология орталығының базасында заманауи консультативтік-диагностикалық орталық ашылады. Жаңа нысан емделушілерді қабылдау көрсеткішін 20%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Теміртау қаласындағы емхана құрылысы сәуірде басталып, желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Майқұдықтың 11- ші ықшам ауданында емхана салынса, сол ауданда жедел жәрдем қосалқы станциясының құрылысы аяқталады. Қарағайлы кенті мен Ахмет ауылында дәрігерлік амбулаториялар, ал Балқаш қаласында жаңа емхана ашылады. Сонымен қатар, Нұра ауданының Шахтерское ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Жалпы облыс көлеміндегі осындай 11 жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге аспақ.

Иммундау шарасы жалғасуда

Денсаулық сақтау министрлігі қосымша иммундау жүргізу туралы шешім қабылдады. Шара бары- сында 9-10 айлық балалар мен 30 жасқа дейінгі жастар егілді. Бұдан басқа, 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері де қосымша иммун- дау шараларымен қамтылмақ.

– Облыстың 87 тұрғынында қызылша ауруы зертханалық түрде расталды. Бізде басқа облыстардағы секілді өршу болған жоқ. Қабылданған шаралар өз әсерін берді. 1 сәуірден бастап ревакцинация басталды. Бұл дегеніміз, вакцинация жасаған адамдар тұрақты иммунитет үшін осы процедурадан қайтадан өтеді. Біздің өтінішіміз бойынша Денсаулық сақтау министрлігі қосымша 97 млн. теңге бөлді. Бұл қаражатқа қосымша вакцина, оның ішінде қызылшаға қарсы вакцина алынды, – деді басқарма басшысы. Иммундау шарасы тұрғындардың мекен-жайы бойынша тіркелген емханаларында жүргізіледі.

Жансая ОМАРБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button