Жаңаарқа

Ауылда амбулатория ашылды

    Жаңаарқа ауданында жалпы мемлекеттің даму үрдісімен үндес мазмұндағы әлеуетті шаралардың үздіксіз атқарылып келе жатқаны белгілі. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында Ералиев ауылдық округінде жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның тұрғындарға есігін айқара ашуы – осынау тұжырымның даусыз дәлелі.

Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылыс жұмыстары облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен жүргізілген отбасылық-дəрігерлік амбулаторияның тұсаукесеріне ауыл тұрғындары молынан жиналды.

    Салтанатты рәсім барысында сөз алған аудан əкімі Ғабдрахман Омаров жергілікті жұртшылықтың қуанышын бөлісіп, Тәуелсіздік тартуы санатындағы жаңа амбулаторияның ел денсаулығын сақтап, нығайту мәселесінде ерекше маңызға ие екендігін атап өтті. Өздерінің жауап лебіздерінде ауыл тұрғындары Мұхаметқали Əзібаев пен Рабиға Нұрланова игілікті шараның ілкімді түрде іске асуына мұрындық болған облыс басшылығы мен аудан əкімдігіне қалың қауымның атынан шексіз ризашылықтарын білдірді.

   Жаңа нысанның лентасын қию құрметі аудан басшысына, ауыл ақсақалы Жарылхан Қызылбаевқа, ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Берген Қожамұратовқа және көп балалы ана Аққайша Ташмағамбетоваға бұйырды.

    Енді, «басы ауырып, балтыры сыздаған» жандарға көрсетілер дәрігерлік көмектің сапасы бұрынғыдан анағұрлым сапалы бола түсері күмәнсіз. Бұл – ел тілегінің ескерілуі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button