Ауыл берекесі — қала ырысы

Қазіргі қымбатшылыққа қарсы негізгі құрал – жәрмеңке. Жер-жерде жергілікті биліктің күш салуымен сенбі сайын өтіп тұрады. Өткен сенбіде Приозерск қаласында қанат жайған сауда сөрелерін жағалаған жұрт арзан азықтүлікке қоржын-қапшықтарын толтырып алды.

Қаладағы орталық алаңда ұйымдастырылған жәрмеңкеде азық-түлік базар пұлынан 15-20 пайызға төмен бағаға саудаланды.

Жәрмеңкеде тауарын саудалағандардың дені – ақтоғайлық шаруалар мен кәсіпкерлер болғанымен, іргелес жатқан Жамбыл облысының өкілдері де осы жерден табылды. Шу ауданының диқандары көкөніс пен жеміс саудасының көрігін қыздырды.

Бұл күні 9 млн. 456 мың теңгенің тауары қалалықтардың дастарқанына жол тартты.

Яғни, 37,7 тонна азық-түлік сатылды. Оның ішінде, 2,7 тонна ет, 25,1 тонна көкөніс, 8,9 тонна жеміс, 0,4 тонна бакалея өнімдері, 0,6 тонна сүт өнімдері бар.

Аталған шара мұнымен тәмамдалған жоқ. Қысқа дейін жалғасады.

Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.