Ресми

Қауіпсіздік мәселесі – қаперде

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Шахтинск қаласында жұмыс сапарымен болды. Мұндағы мақсат – кейбір нысандарды террорлық іс-әрекеттерден қорғау жұмыстарын бақылап көру.

00

Аймақ басшысы саяси репрессия құрбандарын еске алу мұражайына аялдады. Бұдан соң «АК 159/7 мекемесі» РММ-ге арнайы барып, «Еңбек – Қарағанды» РММ-нің 41-филиалы өндірісімен танысты. Кәсіпорын директоры Александр Байнов кірпіш, металл өнімдері өндірісі мен оның көлемін арттыру мәселелеріне жіті тоқталды.

Сондай-ақ, Нұрмұхамбет Қана­пияұлы №1 гимназия мен «Лидер» супермаркетіне де арнайы барды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қалалық әкімдікте жиын өтті. Онда нысандарды террорлық іс-әрекеттерден қорғау мен өзекті мәсе­лелерді шешу жолдары талқыланды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button