Облыс әкімі

Ауданда – жаңа басшы

   Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ өкімімен Ұлытау ауданының әкімі қызметіне Әнуар ОМАР тағайындалды.

Әнуар Омардың кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілді және аудандық мәслихат депутаттары мақұлдады. Жаңа басшыны аудан активіне облыс әкімі Ерлан Қошанов таныстырды.

Әнуар Омар 1968 жылы Алматы қаласында туған. Үш жоғары білімі бар. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Біліктілігі бойынша – орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, заңгер, экономика бакалавры. Әнуар Серікбайұлы Жезқазған және Сәтбаев қалаларында газет тілшісі, бас редактордың орынбасары болған. Мәдениет саласында қызмет еткен. Т.Қалмағанбетов атындағы филармонияға және Жазқазған облыстық филармониясына жетекшілік еткен. Жезқазған қаласы мемлекеттік мұрағатын басқарды.

2010-2016 жылдары мемлекеттік қызметте еңбек жолын жалғастырды. Ұлытау селолық округінің әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі, Сәтбаев қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың наурыз айынан бастап осы күнге дейін Астанада «Smart SoIution» ЖШС-нің даму жөніндегі директоры болды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button