Жаңалықтар

Аттестация – айқын мүмкіндік

    Қарағанды облысындағы «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлері аттестаттаудан өтті. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықпен күрес департаменті басшысы Жандос СӘРСЕНОВ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Еске сала кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру кезеңдерінің бірі – іс басындағы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізуді қарастырған. Спикердің айтуынша, мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау 3 кезеңмен, 3 деңгейде өткізілген көрінеді. Комиссияда  әңгімелесуден өтудің алдында барлық қызметшілерге мемлекеттік органдар олардың мәліметтері, жетістіктері мен мінездемелерін көрсету мен бағалау парақтары толтырылған. Сонымен қатар, олар өздерінің жеке және кәсіби қасиеттерінің қорытындыларымен жеке құзыреттерді бағалайтын тесттен өту кезеңіне де жете назар аударылған.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің аттестациялануы  Мемлекет Басшысының Бұйрығына сәйкес өтуде, және аппараттың қалыптасуы бойынша бірінші институционалды реформасының логикалық жалғасы болып табылады. Аттестаттаудың басты міндеті – «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби дайындығының деңгейін және лауазымдарына сәйкестігін анықтау. Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау аясында өңірімізде жұмыстар атқарылды. Қарағанды облысы бойынша аттестацияға «Б» корпусынан 4869 қызметкер жатқызылды. 1048 қызметкер – жоғары, 3580 қызметкер – жақсы, 229 адам – қанағаттанарлық деңгейде аттестацияны тапсырды. Ал, 8 қызметкер тексеру кезінде төмен деңгей көрсетті,– деді Жандос Шералыұлы.

Өткізілген отырыстардың нәтижесінде, қызметшіге қатысты атқарып жүрген лауазымдарына сәйкес екендігі туралы шешім, жоғарылатуға және төмендетуге ұсыныс жасалған. Осы күні арнайы баспасөз мәслихатына қатысқан, жоғарылатуға ұсынылған қызметшілер Шет ауданының білім бөліміне сектор меңгерушісі болып орналасқан Шынар Қасымова мен Топар кенті әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Марғұлан Сафаров та ойларын ортаға салды. Елбасының бастамасы мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігі мен білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін кадрлар мен жұмыстың ықпалды шарасы екендігін жеткізді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button