ӘдебиетБас тақырып

Атлант асқан Алмаз

Атлант мұхитының арғы бетінен жағымды жаңалық жетті. Қарағандылық жазушы Алмаз Мырзахметтің қаламынан туған «Жазушының жазбасы» әңгімесі ағлышын тіліне аударылып, «Asymptote» әдеби басылымының “Сейсенбілік аудармалар” айдарында жарық көрді, – деп хабарлайды Ortalyq.kz

Өткен айларда “Гонкур” жүлдесіне ие болған Бернард Комменттің және Лоуренс Венутидің шығармалары да осы айдарда жарық көрген.

Бірнеше күн бұрын басылымның 2018 жылға арналған жазғы шығарылымы басталды. Оған әлемнің әр түкпіріндегі жазушылардың жауһар туындыларын жинақталып отыр. Әсересе, «Сейсенбілік аударламалар» айдарына бұрын соңды блогымызда бірде бір шығармасы жарияланбаған елдің, аударма жасалмаған тілдің жазушысын таныстырмақпыз. Аудармашы – Миргул Кали. Оның айтуынша, қазақ жазушысы Алмаз Мырзахметтің туындысы оқырманды өзіне баурап алады және терең ойға жетелейді. Жас қаламгердің «Жазушының жазбасы» шығармасы өз кейіпкерімен арпалысқан жазушының оқиғасын баяндай отырып, шығармашылық жұмыстың қызығы мен шыжығын қатар берген, – деп жазды «Asymptote» басылымының редакциясы.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басында «Tupelo Quarterly» журналы Алмаз Мырзахметтің “Бақыт Бексейітовна” атты əңгімесі аударып басқан болатын. Жазушының бұл туындысы шетелдік оқырмандардың ықыласына бөленген. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button