Атлант асқан Алмаз

Атлант мұхитының арғы бетінен жағымды жаңалық жетті. Қарағандылық жазушы Алмаз Мырзахметтің қаламынан туған «Жазушының жазбасы» әңгімесі ағлышын тіліне аударылып, «Asymptote» әдеби басылымының «Сейсенбілік аудармалар» айдарында жарық көрді, — деп хабарлайды Ortalyq.kz

Өткен айларда «Гонкур» жүлдесіне ие болған Бернард Комменттің және Лоуренс Венутидің шығармалары да осы айдарда жарық көрген.

Бірнеше күн бұрын басылымның 2018 жылға арналған жазғы шығарылымы басталды. Оған әлемнің әр түкпіріндегі жазушылардың жауһар туындыларын жинақталып отыр. Әсересе, «Сейсенбілік аударламалар» айдарына бұрын соңды блогымызда бірде бір шығармасы жарияланбаған елдің, аударма жасалмаған тілдің жазушысын таныстырмақпыз. Аудармашы — Миргул Кали. Оның айтуынша, қазақ жазушысы Алмаз Мырзахметтің туындысы оқырманды өзіне баурап алады және терең ойға жетелейді. Жас қаламгердің «Жазушының жазбасы» шығармасы өз кейіпкерімен арпалысқан жазушының оқиғасын баяндай отырып, шығармашылық жұмыстың қызығы мен шыжығын қатар берген, – деп жазды «Asymptote» басылымының редакциясы.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басында «Tupelo Quarterly» журналы Алмаз Мырзахметтің «Бақыт Бексейітовна» атты əңгімесі аударып басқан болатын. Жазушының бұл туындысы шетелдік оқырмандардың ықыласына бөленген. 

4 thoughts on “Атлант асқан Алмаз

  1. Автор өзі ұсынған ба? Шетелдіктер қазақша шығарманы қалай оқып, ұнатып жүр?

  2. Алмаз Мырзахметовтің бірінші әңгімесін олардың өздері ұнатып, өз қаражаттарына аударғандығын айтқан. Екіншісі жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында ақпарат жазбады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.