Жаңалықтар

Қатаң жаза – қылмысқа тосқауыл

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында халық көкейіндегі маңызды мәселелерді қозғады. Оның ішінде, әлеуметтік қолдау мен халықтың әл-ауқатын көтеру, экономикадағы жүйелі реформалар, идеология мен

мәдени даму мәселелері, мемлекеттік органдар мен қызметтерді жүйелеу тағы да басқа жұмыстар айтылды.

Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап енгізілетін міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру мәселесіне де айрықша тоқталды. Жаңа жүйе елде сақтандыру нарығын дамытып, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттырады деп күтілуде. Медициналық сақтандыру аясында құны қымбат оталар мен жоғары технологиялық медициналық қызметтер сақтандырылған барлық қазақстандықтарға қолжетімді болады.

Сондай-ақ, Президент берген тапсырмалар арасында есірткі заттарын тасымалдағаны үшін қатаң жаза қолдану да бар. Мемлекет басшысының бұл ісін толығымен қолдаймын. Себебі, есірткімен күрес маған таныс. Бүгінде

есірткі – дәрігер мен емделушінің ғана мәселесі емес. Ол отбасыларды ойрандайтын, тәуелділік туғызатын, суицид пен қылмысты арттырып, қауіпті инфекциялардың таралуына себеп болатын әлеуметтік мәселеге айналды. Сондықтан, медициналық көмектен бөлек, ішкі істер департаментімен, әділет, білім басқармалары, әлеуметтік қызмет сынды ведомствоаралық өзара әрекеттестікті арттыру қажеттілігі бар. Есірткі заттарын таратқаны үшін жазаны күшейту шекара асып келетін есірткі көлемін азайтуға, сол арқылы нашақорлар қатарын төмендетуге оң әсер етеді. Барлық құрылымдық органдарды осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын.

Гүлнар БУЛЕКОВА,

облыстық наркологиялық

диспансер директоры.

Басқа материалдар

Back to top button