Бас тақырыпШет

ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҰСТАЗ облыс әкімінің 1 000 000 теңге сыйақысын алды

  Нақтысы — 103 жаста! Ол — Шет ауданының Құрметті азаматы Шәукей Жұқанов.

Аталмыш ауданда тұратын ақсақал бар саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған. Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері (1960ж.), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі (1966ж.), КСРО Халық ағарту ісінің үздігі (1980ж.). Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.

Ұстаздардың ұлық мерекесіне орай облыс орталығында өткен салтанатта ғасыр жасаған ұстазға облыс басшысының 1 миллион теңге ақшалай сыйлығы тапсырылды.

ШЕТ ауданы.

Суретте: ғасыр жасаған ұстаз мерекелік салтанатта.

Әлібек ӘБДІРАШ,

“Орталық Қазақстан”.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button