Бас тақырыпКоронавирусПрезидент

Қасым-Жомарт Тоқаев: “Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды”

Елімізде төтенше жағдай кезінде 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілген. Сондай-ақ, 570 мыңнан астам адамға азық-түлік себеті таратылды. Әлеуметтік көмек алдағы уақытта да жалғасын табады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды.  Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде айтылған.

“Мен төтенше жағдай кезеңінде азаматтарымызға қолдау көрсетуге арналған шаралардың екі топтамасын жария еттім.

Бұл шаралар барынша жүзеге асырылуда. Қоғам тарапынан айтылған орынды сын-пікірлер де бар. Оны ескереміз.

Бүгінгі күні 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілді.

570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды.

Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді.

«Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда.

Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі”, – деді Президент.

Басқа материалдар

Back to top button