Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды

Қазақстан Республикасы Президенті міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында Астана қаласының атауын Елбасының құрметіне Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды.

«Біздің ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін келесі жолдармен мәңгі есте қалдыру дұрыс деп санаймын. Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек. Мұндай ұсыныстар бұрын, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында да парламентерийлермен, Парламент депуттарымен айтылған болатын. Бұдан бөлек, біздің елордада Тұңғыш Президенттің құрметіне монумент орнатуды ұсынамын. Барлық облыстық қалалардың басты көшелерін — Нұрсұлтан Назарбаев деп атау дұрыс деп деп есептеймін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.