Бас тақырыпПрезидент

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты қабылдады

Кездесу барысында Ерлан Қошанов Мемлекет басшысына Қарағанды облысының биылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берді, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарының, соның ішінде көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешу үшін Қарағанды облысында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Ерлан Қошанов ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде айтты.

Қазақстан Президенті облыс әкіміне өңірге тартылатын инвестиция көлемін артырып, өнеркәсіп өндірісінің өсімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, облыс орталығы мен ірі қалаларда тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылым салу қарқынын жеделдетуді тапсырды.

Басқа материалдар

Back to top button