Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына келді

ҚР Президенті — Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың Twitter парақшасы хабарлады. 

 «Отанымыз — Мәңгілік елдің беделін арттыра беру — Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша,  «Айбын» әскери-патриоттық жиыны —  отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң.

«Жасампаздық, бейбітшілік пен келісім, халқымыздың бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік және бәрімізге ортақ тағдыр жолы – біздің халқымызды біріктіретін құндылықтар. Бұл құндылықтар – жастардың басты бағдарына айналуы тиіс», — деді Мемлекет басшысы.