Қасым ауылының жолы қашан жөнделеді?

Біраз уақыт бұрын Қарқаралы ауданына жол түсті. Мақсатымыз – Кент тауының баурайындағы Қызыл кеніш тарихи ескерткішіне бару және дауылпаз ақын Қасым Аманжолов туған топыраққа тәу ету еді. Әйтсе де, Қарқаралы қаласынан сәл асқан соң, ұңқыр-шұңқыры мол жолға тап болдық. Қолсозым жердегі ауылға бару үшін бір сағаттан астам уақыт жол жүруге тура келді. Жаз маусымында Кент тауының табиғатын, тарихи ескерткіштерін көруге ниет білдіретін жандардың көп болары сөзсіз. Алайда, олардың басым бөлігі аудан орталығынан кері қайтады. Жолдың нашар болуы өңір туризмінің дамуына кері әсер етіп отырған тәрізді.

Осы орайда, жауапты азаматтарға қояр сауалым, ауыл ахуалына көңіл бөліне ме? Қасым ауылының жолы қашан жөнделеді?

Темірлан Қуаныш.