Жаңалықтар

АСЫЛБЕК – АРНАНЫҢ БЕТКЕ ҰСТАРЫ

00

«Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамы еліміздің барлық аймағындағы филиалдарының тележүргізушілері арасында байқау ұйымдастырды. Оған 160-тан астам журналист қатысты. Бұған дейінгі облыстық кезеңде Асылбек ТОЙБЕКОВ көрерменнің көп даусына ие болып, бірінші орынды жеңіп алып, «Арқа арнасының келбеті» атанған еді.

Республикалық «Арнаның бетке ұстарлары»  байқауында әр өңірден үздік шыққан 27 тілші арасында дауыс беру арқылы Асылбек Тойбеков жүлделі екінші орынды иеленді. Арқаның басты арнасы «Қазақстан – Қарағанды» телеарнасының көрермені көп, абыройы асқақ екендігін дәлелдеді. Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Асылбек Астанада өткен салтанатты жиында Дипломмен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Асылбек  Жомартұлы  «Қазақ­­стан – Қарағанды» телеарна­сы­ның Жаңалықтар бөлімінің аға редакторы. Сонымен қатар, «Уақыт.kz» хабарының редакторы әрі жүргізушісі. Бағдарламалар­ды қазақ және орыс тілінде еркін жүргізеді. Облыс әкімінің тікелей эфирінде бірнеше рет хабар жүргізді. Бұған дейін Асылбек жас болса да Абай қаласында екі тілде шығатын «Абай-Ақиқат» аудандық газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Облыстық және республикалық байқаудан сүрінбей өткен әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button